29
Қыркүйек

Жас сайлушылар клубына ақжолдықтар қосылуда

29 қыркүйек 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Орал қаласының сайлау комиссиясының шақыруыменен “Ақ жол” демпартиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Жастар қанатының мүшелері Саясат Жарасов пен Сабыржан Лиас Батыс Қазақстан бойынша Жас сайлаушылар клубына мүше болды.

Клубтың алғашқы отырысында “Ақ жол” партиясының БҚО филиалының жастар қанатының мүшесі, ҚазИТЖУ студенті Сабыржан Лиас ашық сайлау нәтижесі бойынша Орал қаласында жаңадан құрылған Жас сайлаушылар клубының президенті болып сайланды.

Еске сала кетейік, “Ақ жол” партиясының Жастар кеңесінің мүшелері бүкіл Қазақстан бойынша ашылып жатқан Жас сайлаушылар клубына мүше болуға белсенді кірісуде.

Қазіргі таңда жас ақжолдықтар Алматы, Семей және Орал қалаларында толық жұмыс жасауда. Осы жұмысты әрі қарай жалғастырудамыз, өйткені болашақта болатын сайлаулардың ашық және әділетті болуы жастардың қолында.

“Ақ жол” демпартиясының Жастар кеңесі БҚО филиалының ұжымына алғыс білдереді және жастарға ақжол тілейді.