2 наурыз 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Сыр елінде 27 ақпан мен наурыздың 2-сі аралығында (WKF) жасөспірімдер мен
жастар (U21) арасында Каратэден Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Чемпионат барысында "Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық
филиалының Кеңес мүшесі, қалалық мәслихаттағы "Ақ жол" партиясы
фракциясының жетекшісі Ғибрат Байсеитов 2023 жылы Каратэден Венгрия астанасы
Будапештте өткен WKF каратэден Қазақстан тарихында тұңғыш әлем чемпионы атанған
жерлесіміз Мөлдір Жаңбырбайға спорттағы жетістіктері үшін "Ақ жол"
партиясы атынан ризашылығын білдіріп, "Ақ жол" партиясы мен Қызылорда
облыстық Каратэ федерациясы атынан 1 500 000 тенгенің сертификатын табыстады.
(Мөлдір Жаңбырбай чемпионат жұмысының соңғы күніне қатыса алмауына
байланысты аталған Сертификат оның анасы Жанар Маханбетованың қолына
табысталды).