11
Шілде

Жастар қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов республикалық «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына атсалысты

11 шілде 2024 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

Бүгін «Ақ жол» ҚДП Жамбыл облыстық филиалы Жастар қанатының көшбасшысы Қадыржан Есенов республикалық «Кітапханаға кітап сыйла» акциясының шеңберінде Тараз қалалық М. Әуезов атындағы кітапханасының қорына «Алаш: Ұлттық идея, қозғалыс, партия және республика» атты және партия төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты Азат Перуашевтің «Полемическая экономика» атты авторлық еңбегін тарту етті.

М.Әуезов атындағы кітапхана Тараз қаласындағы ең үлкен кітапханалардың бірі. Кітапхана басшысы Қарлығаш Агигаеваның айтуынша, оқырмандар аудиториясының кеңдігімен, кітап қорының ерекшеленеді екен. Келушілердің жас шамасы да әртүрлі. Жастар да, орта буын, зейнеткерлер де бар.