22 қыркүйек 2020 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы «Жастар қанатына» арнап профориентациялық онлайн кездесу ұйымдастырды. Кездесудің басты қонағы - «ПСП Серік» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жабдықтау бөлімінің басшысы Артур Искалиев.
Мамандық таңдау - бұл әр адамның өміріндегі маңызды қадам. Және ол спонтанды немесе кездейсоқ болмауы тиіс әр адам дұрыстап саралап, ой елегінен өткізіп қана өз таңдауын жасағаны дұрыс өйткені бұл өзініңде өзгеніңде алдындағы үлкен жауапкершілік.
Осыған байланысты жастар мен оқушылар арасында мақсатты кәсіптік бағдар беру жұмыстарын жүргізуге үлкен көңіл бөлу қажет.
Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін, «Экономист» мамандығы бойынша тамамдаған. Артур мырзаның компанияда жұмыс істеп жүргеніне биыл екінші жыл. Бөлімнің негізгі жұмысы қажетті материалдарды есептеп, сатып алу. Бұл материалдар жаңадан құрастырылатын және құрылысы жүріп жатқан объектілерге арналған. Сатып алынатын тауар көлемі үлкен. Материалдарды әлемнің түкпір-түкпірінен тапсырыспен алады. Тұрақты тауарлар үшін арнай келісім-шартқа отырады. Орал қаласындағы ең үлкен «City Center» сауда орталығын қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етеді. Жабдықтау бөлімі – жұмыстың негізгі өзегі. Себебі материалдар болмаса, ғимарат салынбайды, жұмыс жүрмейді. Жұмыстың барысы қажетті метериалды іздеу, оның әр түрлі қалалардағы бағасын салыстыру және ең тиімді уақытта келетін арақашықты таңдау. «Күн сайын әртүрлі жаңа адамдармен танысып,ортақ келісімге келуің шарт. Жұмысымның осы тұсы маған қатты ұнайды. Нарықты зерттеу және күнделікті сандармен жұмыс жасауға әзір болсаңдар, сендерді осы мамандыққа шақырамын» деді спикер кездесудің соңында.
Онлайн кездесуге қатысушылар белсенді түрде өз сұрақтарын қойды және қайтарылған жауаптарға өте риза болды, сондай-ақ кездесудің нәтижелі және танымды өткенін атап өтті.