22
Қыркүйек

Жастар белсенділігінің жарқын үлгісі!

22 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының мүшесі, Жастар кеңесінің белсендісі, Әлихан Бөкейхан университетінің белді студенті Зейнолла Данияр университеттің 1-курс студенттеріне арнап қызықты квиз ойынын ұйымдастырды.

Бұл шараның басты мақсаты – жаңа студенттердің бір-бірімен жақынырақ танысуына, ой-өрісін кеңейтуге, топтық жұмыс пен көшбасшылық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау. Квиз барысында білім мен логиканы ұштастырған сұрақтар қойылып, студенттер белсенділік танытты.

Осындай бастамалар жастардың ұйымшылдығын арттырып қана қоймай, олардың шығармашылық әрі интеллектуалды әлеуетін дамытуға жол ашады.