24 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Хабар» телеарнасының 30 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған
республикалық «Азамат» интеллектуалды жобасы – ел жастарының терең білімін,
логикалық ойлау қабілетін, тарихи әрі саяси сауаттылығын сынайтын ерекше
форматтағы зияткерлік дода.
Осындай жоғары деңгейлі жобада “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай
облыстық филиалы жанындағы Жастар кеңесінің белсенді мүшелері, Шәкәрім
университетінің мақтаныштары — Серікқазы Нұрқадір пен Рымқұлов Асылжан 1/8
финалдық кезеңінде өз білімдері мен тапқырлықтарын дәлелдеп, 5-ші ойынның
жеңімпаздары атанды!
Бұл – тек жеке жетістік емес, Абай облысының, Шәкәрім университетінің және
“Ақ жол” партиясының белсенді жастарының ортақ жеңісі.
Жастардың мұндай белсенділігі – білімге, ел болашағына деген жауапкершіліктің
жарқын көрінісі.. Қоғамның зияткерлік әлеуетін арттыруға бағытталған мұндай
жобалар жастарымыздың білімге деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, ел
тағдырына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ қалыптастыруға жол ашады.
Келесі кезеңде де толағай табыс тілейміз! Білім мен парасат жолындағы
сапарлары сәтті болсын!