15 мамыр 2025 жыл, Атырау облыстық филиалы
2025 жылдың 15 мамыр күні «Ақ жол» демократиялық партиясы Атырау облыстық
филиалының кеңсесінде партиямыздың Жастар кеңесінің ұйымдастыруымен жоғары және
орта оқу орындарының жастар ісі жөніндегі комитетінің жетекшілері мен
студенттер көшбасшыларының қатысуымен кездесу болып өтті. Кездесуді «Ақ жол»
демпартиясы Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихат депутаты
Е.Юсупов ашып, партияның жасап жатқан жұмыстарына тоқталып, жастарды
толғандыратын мәселелері туралы пікір алмасты.
Бұдан кейін облыстық филиалдың Жастар кеңесінің төрағасы Е.Рахметов сөз
сөйлеп, кеңестің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарымен таныстырып, жастар
арасындағы проблемалар туралы кеңінен тоқталып айтты. Шараға қатысушы жастар
өздерінің ойында жүрген сұрақтарын қойып, оларға нақты қанағаттанарлық жауаптарын алды.
Шара соңында «Ақ жол» демпартиясы Атырау облыстық филиалының аппарат
жетекшісі А.Қондыбаева жастар өкілдерін партияның «XXI ғасырдағы Алаштың Ақ
жолы» Жалпыұлттық дәстүрлі байқауының мақсаты және шартымен таныстырып,
байқауға қатысуға шақырды.
Алда да жастармен жұмысты
жандандырып, оны жақсарту жолдары қамтылды.