24 қыркүйек 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
«Ақ жол» демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының белсенділері
және Жастар кеңесінің төрайымы Бинұр Ахатқызы Семей қаласы аумақтық сайлау
комиссиясының төрайымы Гүлжан Жақсыбайқызы Қуанышқызымен кездесті.
Кездесу барысында жастар Жас сайлаушылар клубына белсенді мүше болуға және
аймақтық сайлау комиссиясымен бірлесіп жұмыс істеуге дайын екендіктерін
білдірді.
Бұл қадам – жастардың азаматтық жауапкершілігін арттыруға, сайлау
мәдениетін қалыптастыруға және қоғамдық белсенділігін күшейтуге бағытталған
маңызды бастама болып отыр.
Жастардың үнін есту – ел болашағына жасалған инвестиция!



