16 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
Павлодар қаласында өткен республикалық “President Cup VI” турнирінде Абай
облысы бойынша “Ақ жол” демократиялық партиясының жастар кеңесінің төрайымы
Бинұр Ахатқызы жоғары дайындық пен мықты ойынды көрсетіп, 2-орынды жеңіп алды.
Жеңіспен бірге 90 000 теңге көлеміндегі жүлдені иеленуі — тек жеке нәтиже емес,
өңір жастарының қабілеті, еңбегі мен рухының айқын көрінісі.
«Ақ жол» демократиялық партиясы жастардың білімін, талпынысын, ел алдында
абыроймен өнер көрсетуін әрқашан қолдайды. Бәсекеге қабілетті, ұлт рухын
көтеретін, намысын қорғауға дайын жастар — еліміздің болашағының басты тірегі.
Бинұр Ахатқызының бұл жетістігі – жүйелі еңбектің, берік ұстанымның және
патриоттық рухтың нәтижесі.
Жастар кеңесі үшін де, Абай облысы үшін де бұл — зор мәртебе.
Құттықтаймыз!
Алдағы сындарда да биік белестер бұйырсын!