22 ақпан 2024 жыл, «Ақ
жол» Демпартиясы Ақмола облыстық филиалы
«Ақ жол» ҚДП-ның Ақмола облыстық филиалы кеңсесінде филиал кеңесшісі Бақыт Смағұл бір топ жастар өкілдерін қабылдады.
Партия
филиалының Жастар қанатының көшбасшысы Жандос Тайлақов және басқаларына
еліміздегі саяси реформалар туралы, жастарға жасалып жатқан жағдайлар мен
мүмкіндіктер жайлы айтылды.
Студент жастар өз ойларын ортаға салып,
мемлекеттік қызмет, жастардың кадрлық резерві, сайлау жүйесі туралы сұрақтар
қойдып, алдағы жұмыстары жайлы әңгімелеп берді.