09
Мамыр

Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

9 мамыр 2025 жыл, Шымкент қалалық филиалы

Шымкент қаласындағы «Абай» саябағы аумағында орналасқан Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған «Даңқ мемориалы» жанында Жеңіс күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Іс-шараны Шымкент қалалық әкімдігі ұйымдастырды.

Шараға қала әкімі Ғабит Сыздықбеков, қалалық мәслихат төрағасы Бахадыр Нарымбетов, соғыс ардагерлерінің ұрпақтары, саяси партиялар мен қаладағы түрлі ұйымдардың өкілдері қатысты.

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалы атынан іс-шараға филиал кеңесінің мүшесі Мағжан Оспанхан, заңгер Данара Саранова және партия мүшелері қатысты. Салтанатты жиын барысында қатысушылар «Даңқ мемориалына» гүл шоқтарын қойып, батырлар рухына тағзым етті.