26
Қыркүйек

Жезқазған қаласында жүрек пен қаламды тоғыстырған ерекше рухани кеш өтті

26 қыркүйек 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы

Бүгін Жезқазған қаласында жүрек пен қаламды тоғыстырған ерекше рухани кеш өтті.

Кенші де, ақын да бола білген Еркін Оралбай оқырманымен қауышып, «Өмірді қосып өлеңге» атты шығармашылық кешін өткізді.

Бұл тағылымды кештің өтуіне тікелей ұйытқы болған – Ұлытау облысы бойынша ҚДП «Ақ жол» партиясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты Бекзат Дайрабайұлы. Оның бастамасы мен қолдауы арқасында жезқазғандықтар поэзия мен өнердің құдіретін тағы бір сезінді.

Кеш тізгінін ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын Абай Ораз жүргізді. Шараға «Ұлар» әдеби клубы мен Ұлытау облысының Қоғамдық келісім басқармасы да қолдау білдіріп, кештің маңызын арттырды.

Ақынның жүрегінен төгілген жырлар тыңдармандарды терең ойға жетелеп, рухани байлық сыйлады. Оқырмандар Еркін ағаның шығармашылығына ыстық ықыласын білдірді.

Арнайы қонақ ретінде Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, ақын-аудармашы Дәурен Берікқажы жүрекжарды лебізін арнады.

Кеш соңында «JezQanat» әдеби-мәдени оқырмандар клубы атынан Еркін Оралбайға естелік сый табысталды.

Бұл кеш – «Ақ жол» партиясының өнер мен әдебиетке қолдау көрсетуінің жарқын үлгісі болды.