1 қазан 2025 жыл, Ұлытау облыстық филиалы
Бүгін Ұлытау облысы бойынша ҚДП “Ақ жол” партиясының облыстық мәслихат
депутаты, Ауған соғысы ардагерлерінің төрағасы Ақылбек Аманов Ауған соғысында
қаза болған Жезқазғандық интернационалист-жауынгерлер Асылбек Мамажанов пен
Виктор Тарадайды еске алуға арналған бокстан жастар арасындағы Республикалық
32-ші турнирдің құрметті қонағы болып, ардагерлермен бірге гүл шоқтарын қойып,
тағзым етті.
Аталған турнирге Қазақстанмен қатар Тәжікстан, Өзбекстан және Қырғызстаннан
арнайы спортшылар мен делегациялар келді. Олар да батырлар рухына тағзым етіп,
гүл шоқтарын қойды.
Бұл шара – Отан үшін жанын қиған қаһармандарды еске алу, олардың ерлігін
жас ұрпаққа үлгі ету жолындағы тағылымды қадам.
Сонымен қатар, осы күні Ауған соғысы ардагерлерінің қатысуымен турнирдің
ашылу рәсімі өтті. Турнир жас буынға патриоттық рух сыйлап, батырлар ерлігін
ұмытпауға үндейді.
Батырларымыздың есімі – мәңгі жадымызда!
