31 мамыр 2025 жыл, Батыс Қазақстан облыстық филиалы
31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне
орай Сырым ауданының орталығы – Жымпиты ауылында саяси қуғын-сүргін
құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтары қойылып, үнсіздікпен тағзым
жасалды.
Бұл – ұлтымыздың тарихындағы ең қасіретті кезеңдердің бірі – 1930–1950
жылдар аралығындағы сталиндік репрессия мен ашаршылық құрбандарын еске алуға
арналған тағылымды шара. Қазақ халқы бұл зұлмат жылдары миллиондаған азаматынан
айырылып, тарихи әділетсіздіктің ауыр зардабын тартты.
Іс-шараға “Ақ жол” демократиялық
партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары А. Туркина,
сондай-ақ партия мүшелері мен жергілікті қоғам белсенділері қатысты. Олар ел
үшін құрбан болған Алаш арыстары мен жазықсыз жапа шеккен азаматтардың рухына
тағзым етіп, олардың есімдерін ұмытпау – әрбір азаматтың борышы екенін атап
өтті.
Мұндай шаралар – өткенге тағзым, болашаққа аманат. Тарихымызды ұмытпай, сол
зұлмат жылдардың зардабынан сабақ алу – ұлт ретінде бірігуіміздің, елдігіміздің
белгісі.





