04
Шілде

Жұмыс сапары аясында Азат Перуашев Павлодар облысындағы "STS PV" ЖШС және "Агрохим Прогресс" ЖШС кәсіпорындарына барды

4 шілде 2025 жыл, “Ақ жол” демократиялық партиясының баспасөз бөлімі

Павлодарда Қазақстандағы өнеркәсіптік тоңазытқыш қондырғыларын шығаратын жалғыз кәсіпорын – «STS PV» ЖШС-де делегация болды. Бұл жабдық адамдар көп жиналатын объектілерде (спорттық ареналар, концерт залдары), деректерді өңдеу орталықтарының серверлік бөлмелерінде салқындату және ауаны баптау үшін; көкөніс қоймаларында, сүт зауыттарында қатты мұздату үшін және ет комбинаттарындағы мұздатқыштарда және т.б. қолданылады.

Кәсіпорын кез келген көлемді игеруге дайын және өз бизнесін кеңейту үшін жұмыс істеуде, себебі бірнеше ай бұрын тапсырыстармен жүктеліп отыр, барлық дерлік өнімдер уақытылы сатылуда.

Бұл ретте компания басшылығы жергілікті атқарушы органдардың мұндай жабдыққа тендер өткізу кезінде нақты шетелдік компаниялардың лоббиін жүзеге асырып, техникалық ерекшелік талаптарын соларға ыңғайлап белгілейтін жағдайлардың бар екенін атап өтті.

Осыған орай, олар осындай ірі нысандарды салу кезінде отандық тауар өндірушілердің мүддесін қорғауды бақылауға алуды сұрап, «Ақ жол» демпартиясы депутаттарына жүгінді.

Әріптестер «Ақ жол» демпартиясы депутаттарының белсенді қатысуымен қабылданған «Тауардың шыққан елін анықтау туралы» заңға енгізілген соңғы өзгерістерге де ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, бұл жиі бұрмаланатын СТ-KZ сертификатын жоюға және отандық тауар өндірушілердің тізіліміне көшуге қатысты. Олардың пайымдауынша, технологиялық операциялардың игерілуі оның құнындағы адвалорлық үлесті интерпретациялауға қарағанда, тауардың шыққан елін анықтаудың ең объективті критерийі болып табылады.

Қазақстан үшін осындай технологиялық жетілдірілген және бірегей өндіріске қолдау көрсетуге уәде берілді, басқа да мәселелер бойынша байланыста болу келісілді.

Табысты кәсіпорындармен шектелмей, бизнесмендердің өтініші бойынша «Павлодар» АЭА-дағы «Агрохим Прогресс» ЖШС-де де делегация болды.

Бұл кәсіпорын 2016 жылы іске қосылды, инвестиция көлемі 5 миллиард теңгеден асады. Өсімдіктерді қорғауға арналған пестицидтер мен химиялық заттардың басқа түрлерін, сондай-ақ бензиннің маркасын жақсартуға арналған қоспаларды өндіруге арналған ең заманауи қондырғылар орнатылды.

Алайда компания басшылығының айтуынша, өсімдіктерді қорғауға арналған отандық және шетелдік химикаттарға бірдей мемлекеттік субсидиялау түріндегі қолдауының нәтижесінде кәсіпорынды ресейлік бәсекелестер объективті себептермен баға демпингіне байланысты нарықтан ығыстырып шығарған. Ал отандық ірі мұнай өңдеу зауыттарымен және олардың делегацияларымен бірнеше реттік сәтсіз келіссөздер салдарынан бензин қоспаларын жеткізу туралы келісімге келу мүмкін болмады.

Жағдайға 2020–2021 жылдардағы пандемия да әсер етті, нәтижесінде 2022 жылы өндіріс толығымен тоқтатылды.

ЖШС басшылығы аталған мәселелерді шешуге көмек көрсетуді сұрады. Жағдай талқыланды, орнатылған жабдықтармен, қоймалардағы тиісті ингредиенттердің бар-жоғымен, осы кәсіпорындағы заманауи зертханамен танысты. Нақты проблемалық мәселелерді көрсете отырып, жазбаша өтініш дайындау ұсынылды.

Әрине, заманауи құрал-жабдықтар мен миллиардтаған инвестицияның (оған қоса, арнайы экономикалық аймақ аясында) ешкімге пайдасы жоқ болып, іс жүзінде бос тұрғаны – көңілсіз әсер қалдырады.

Осы зауытты қалай қолдау мүмкіндігі қарастырылатын болады.

Күн соңында «Ақ жол» демпартиясы Павлодар облыстық филиалы кеңесінің отырысына делегация қатысты. Партия филиалының міндеттері мен жұмыс жоспары, атап айтқанда, ауылдық округтер әкімдерінің сайлауына дайындық, партияның филиалы мен жергілікті ұйымдарының Орталық аппаратпен және Мәжілістегі фракциямен өзара іс-қимылы талқыланды.

Атап айтқанда, өнеркәсіптік кәсіпорындарды қолдаумен қатар, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу мен ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту мәселелері қозғалды. Мәжілістің соңғы сессиясы аяқталар тұста «Ақ жол» фракциясы Павлодар филиалының ұсынысы бойынша ауылдық дәріханаларды қолдау туралы депутаттық сауал жолдаған болатын (Денсаулық сақтау министрлігінің жуырда қабылданған талаптарына байланысты, бұл ауылдық дәріханаларды шын мәнінде аса қиын жағдайға қалдырып отыр). Филиал мүшелері бұл мәселені қолдағаны үшін алғыстарын білдірді.

Ауыл шаруашылығын дамытуға қатысты: өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы, ет өңдеу, суармалы егіншілік және ылғал үнемдеу технологиялары мәселелері де талқыланды. Әріптестер келешегі жоқ ауылдар мен олардың болашағын, ауыл жастарының жаппай үлкен қалаларға кетіп жатқанын алға тартты. Осы орайда ауылдан қалаға қоныс аударатын жастарға баспана салып, мамандық алып, жұмысқа орналастыру мәселесі көтерілді. Урбанизация тенденциясына шынайы баға беріліп, ауыл шаруашылығын техникалық қайта жарақтандыру, ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту, АКК несие саясатындағы кемшіліктер және басқа да қажеттіліктер айтылды.

Әріптестерге орасан зор еңбектері мен ортақ іске қосқан үлестері үшін алғыс білдірілді. Филиал төрағасы Рүстем Смағұловқа алдағы сайлауда ауыл әкімдері лауазымына «Ақ жол» демпартиясынан үміткерлерді ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлеу тапсырылды. Филиал төрағасының орынбасары Дмитрий Корепановқа «Ақ жол» демпартиясы жастар ұйымдары кеңесімен бірлесіп, партияның кезекті жастар форумын Павлодар облысында өткізуді пысықтау жүктелді.