11
Қазан

Жоғарғы сот шешімімен ақталып шыққан Серік Жарасбаев: «Ақ жол" партиясына дауыс бердім және қателеспедім»

https://t.me/peruash/3134

Бүгін подполковник Серік Жарасбаев «Ақ жол» демократиялық партиясы парламенттік фракциясының кезекті отырысына келді. Жақында Жоғарғы Сот шешімімен ақталып, өзінің жақсы аты мен әскери атағын қайтарған әскери авиацияға қызмет көрсету жөніндегі маман «Ақ жол» партиясына және партия төрағасының орынбасары, Мәжіліс депутаты Берік Дүйсембиновтің жеке өзіне ең қиын сәтте қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді. Алдыңғы сатыдағы соттар жалған айыппен офицерді сыбайлас жемқорлыққа кінәлі деп тапқан кезде, дәл осы «ақжолдық» Б.Дүйсембинов С.Жарасбаевты қорғау үшін Жоғарғы сот пен прокуратураға шағымданып, айыптаудың күмәнді сипатына назар аударған болатын. Бірқатар журналистер мен қоғам белсенділері де авиация подполковнигіне қолдау білдірген. «Сайлауда мен "Ақ жол" партиясына дауыс бердім және қателеспедім. Қиын сәтте көмек пен қолдау көрсеткендеріңізге көп рахмет», - деді Серік Жарасбаев жиналысқа қатысқан «Ақ жол» фракциясының депутаттарына және жергілікті мәслихаттар өкілдеріне ризашылығын білдіріп.