04
Ақпан

Жоламан Әуес Шу қаласындағы Қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді

4 ақпан 2025 жыл, Жамбыл облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясынан Шу аудандық мәслихатына сайланған депутат Жоламан Әуес Шу қаласындағы Қант зауыты шағын ауданының тұрғындарымен кездесу өткізді.

Сайлаушылармен кездесуде Жоламан Бейсеханұлы бір жылда атқарған депутаттық жұмыстарының барысын баяндап, шешімін тапқан мәселелерге тоқталды.

«Шу ауданындағы ақжолдық депутаттар өз сайлау округтері бойынша тұрғындар көтерген проблемаларға қатысты тиісті мекемелерге хат жазып, депутаттық сауал жолдап келеді. Әріптестеріммен бірге бірқатар мәселелердің оң шешімін табуына түрткі болдық», - дейді Жоламан Әуес.

Ақжолдық депутат қоғамдық іс-шаралардан да шет қалмай, атсалысып, бастамашы болып жүреді. Былтыр Жоламан Бейсеханұлының бастауымен Шуда алғаш рет қала күні аталып өткен болатын. Қайырымдылық істерге де үлес қосып, су тасқынынан зардап шеккен аймақтарған материалдық көмек ұйымдастырған.