28 маусым 2021 жыл, “Ақ жол” партиясының Жамбыл облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы Жамбыл облыстық филиалының ұйымдастыруымен Бұқаралық ақпарат құралдарының кәсіби мерекесіне орай журналистердің балалары Орталық саябақтағы атракциондарда тегін ойнады.
Жамбыл облыстық "Ақ жол" газеті ұжымын отбасыларымен филиал төрағасы Асан Қошмамбетов күтіп алып, оларды кәсіби мерекелерімен құттықтады.
Мұнан соң, Орталық саябақтың әкімшілігіндегі музей жәдігерлерімен таныстырды.
«Билік пен бұқараның арасындағы алтын көпір іспетті тілшілер қауымының еңбегі зор деп білемін. Өзіміздің жерлесіміз, белгілі қаламгер, шыншыл журналист Шерхан Мұртазаның «Журналистердің арқалағаны – алтын, жегені – жантақ» деуі бекер емес», - деген Асан Әнуарұлы басылым ұжымының шаңырақтарына амандық, шығармашылық табыс тіледі.
Мереке күні балалар қызық думанға кірісіп, парктің ойын алаңдарында тегін серуендеді.