27
Маусым

Зияткерлік сайыста “Ақ жол” жастары тағы да топ жарды!

27 маусым 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Абай облысында жаңа форматта ұйымдастырылған интеллектуалды “Quiz” ойыны жоғары деңгейде өтті. Бұл зияткерлік дода — жастардың логикалық ойлау қабілетін, жалпы эрудициясын, тарих пен мәдениетке деген қызығушылығын арттыруды мақсат еткен тың бастама болды.

Аталған ойынға өңірдің белсенді студенттері, түрлі ұйым өкілдері мен жастар қозғалысының мүшелері қатысты. Осындай тартысты және білімге негізделген ортада “Ақ жол” демократиялық партиясының Абай облыстық филиалының жастар кеңесінің мүшелері де белсенділік танытып, керемет нәтижелерге қол жеткізді.

Шәкәрім университетінің үздік студенті, “Ақ жол” партиясының белсенді жастарының бірі — Кидырмина Айым сайыс барысында өз білімін, тапқырлығын, жан-жақтылығын көрсете отырып, жүлделі I орынды жеңіп алды.

Ал Д.Қалматаев атындағы жоғары медициналық колледждің студенті, “Sawlyq” дебат клубының координаторы, жастар кеңесінің мүшесі Сәрсен Жанерке де тартысты ойын нәтижесінде III орын иегері атанды.

Бұл жетістік — “Ақ жол” партиясы жастарының зияткерлік даму мен өзін-өзі жетілдіруге бағытталған жұмысын тағы бір дәлелдеді. Олар тек қоғамдық-саяси белсенділікпен ғана емес, сонымен қатар білім сайыстарында да алда келеді.

“Ақ жол” партиясы — білім мен парасаттылықты жоғары қоятын, жастардың жан-жақты дамуына үнемі қолдау білдіретін саяси күш. Мұндай сайыстар – жастарды ғылымға, ізденіске, пікір алмасуға және достық байланыс орнатуға жетелейтін маңызды алаң.

Жастарымызды жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа белестер мен асуларға бірге жетеміз!