20 шілде
2024 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда
облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық филиал төрағасының орынбасары
Мирамбек Беркімбаев пен Қызылорда қалалық мәслихатындағы "Ақ жол"
фракциясының депутаттары Ақманат Төлегенова мен Мақсат Жүсіп Тасбөгет кентінің
тұрғындарымен С. Майқанова мәдениет үйінде кездесті.
Тұрғындарға "Ақ жол" партиясының
Қызылорда облыстық филиалдың партияның
сайлауалды бағдарламасында
көрсетілген басымдықтарға сай
атқарып жатқан жұмыстары мен облыс, қала аумағында көтеріп жатқан
мәселелері мен қол жеткізген жетістіктері туралы толық ақпарат берілді. Кездесу барысында тұрғындармен пікір алмасу
болды. Онда кент тұрғындары өз кезегінде облыстық филиал өкілдері мен депутаттарға
кент бойынша туындап отырған мәселелерді, атап айтқанда: кент арқылы жүретін
қоғамдық көліктердің аялдамасы туралы, кент емханасының жұмысына көңілдерінің
толмайтындығын және емхананың апатты деп табылған ескі ғимараттан екінші бір
сондай ескі ғимаратқа көшуіне деген
наразылықтарын, жергілікті полиция органының кенттегі орын алып жатқан
бұзақылық істермен күресіне көңілдерінің
толмайтындығы туралы, кент әкімінің тұрғындармен кездесуге келмейтіндігі
туралы наразылықтары мен ойларын бүкпесіз
айтты.
Сонымен қатар, келесі кездесуге кент
әкімі, кент емханасының бас дәрігері мен қалалық ішкі істер бөлімі басшысының келуін талап ететіндерін
жеткізді.
Кездесуге келген тұрғындар бүгінгі күнге
дейін өздерінің өтініш, талап-тілектеріне тек қана "Ақ жол" партиясының
Қызылорда облыстық филиалы мен депутат Ақманат Төлегенованың құлақ асып,
кенттің әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатының жақсаруына көмек қолдарын созып,
барынша жұмыс жасап жатқандығын айтып, "Ақ жол" партиясы мен
депутаттар жұмысына ризашылықтарын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.
Өз кезегінде, облыстық филиал өкілдері мен
депутаттар әрі қарай да тұрғындармен
тығыз қарым-қатынаста болып, берген
өтініштері бойынша заң талабына сай жұмыс жасайтындықтарын жеткізді.