21
Қазан

Қызылорда облыстық филиалы қоғамдық қабылдау өткізді

21 қазан 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалының қоғамдық қабылдауына қала тұрғыны, жеке кәсіпкер Руслан Ғабитұлы балық шаруашылығымен айналысу барысында мемлекет тарапынан қаржыландыруға байланысты  кездескен кедергілерді айтып, жүгінді.

Қоғамдық қабылдауға келген жеке кәсіпкерге облыстық филиал заңгері Нұрлыбек Амангелдіұлы заң аясында кеңестер берді.