11 сәуір 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Күн тәртібіндегі «Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және
әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының есебі туралы» мәселе бойынша
жасалған баяндамаға орай «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Н. Сопбеков
осыған дейінгі «Ақ жол» партиясының көтерген «Тұрмыстық зорлық-зомбылық ахуалы»
мәселесін көтеріп, баяндамашыдан осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстардың
нәтижесін сұрады. Сондай-ақ, күн тәртібінің «2025-2027 жылдарға арналған
облыстық бюджет туралы» облыстық мәслихаттың №130 шешіміне енетін өзгерістер
мен толықтырулар жөнінде хабарлама барысында «Ақ жол» партиясы фракциясының
жетекшісі Қ.Боранбаев бұған дейін көтерген Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық
ауылындағы жарықтандырылған көшелердің үлесін арттыру мақсатында облыстық
бюджеттен қаражат бөлу мәселесін қайта көтеріп, аталған шешімге енгізуді
ұсынды.