5 желтоқсан 2024 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан сайланған Қызылорда облыстық мәслихатының депутаттары
Нұрымжан Сопбеков пен Бауыржан Сандыбаев облыстық мәслихаттың экономика,
әлеуметтік және құқықтық мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының кеңейтілген
отырысындағы «облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік
бағдарламалар, облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп, облыстық денешынықтыру,
спорт және туризм басқармаларының 2025 жылға жоспарланған шығындары» бойынша
талқылауына қатысты.
Бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің
хабарламасынан соң, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Нұрымжан Сопбеков
кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бюджет жобасындағы шығындарына қатысты
сұрақтар беріп, ұсыныс-пікірін жеткізді.