9 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
Жеңіс күні – ұлт тарихындағы ең ұлы әрі қасиетті мерекелердің бірі. Бұл—
Отан үшін от кешіп, жанын қиған боздақтарымыздың рухына тағзым етіп, бүгінгі
бейбіт өмірімізге шүкіршілік білдіретін күн. Биыл Жеңіс туының желбірегеніне 80
жыл толып отыр.
Осы орайда "Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының
өкілдері Тағзым алаңында өткен Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ұлы Жеңіс –
ұрпаққа аманат» атты митингке қатысып, «Ешкім де, ешқашан да ұмытылмайды!»
деген ұранмен ата-баба рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.
Одан соң «Ақ жол» партиясының Қызылорда қалалық мәслихатындағы депутаттары Ақманат Төлегенова мен Ғибрат
Байсеитов Қызылорда қаласының тұрғыны, 91 жастағы тыл ардагері Ишанбек Ешпанұлы Жүсіповтың отбасына
барып, қарт ардагерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады.
