ПАРТИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ

Иса Қазыбек Жарылқасынұлы

«Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары

1962 жылы Түркістан (бұрынғы Оңтүстік Қазақстан) облысы Мақтаарал ауданы Первомай кентінде дүниеге келген.

Білімі: 1984 ж. – Алматы қ. Абай атындағы педагогикалық институт, Көркем-графикалық факультет.


Еңбек жолын Шардара ауданы Қызылқұм кентінде орта мектепте мұғалім болып бастаған.
1991 ж. – Бірінші Республикалық «Жас қазақ» демократиялық газеті бөлімінің меңгерушісі

1993 ж. — «Өркен» газеті бөлімінің редакторы

1998 ж. — «Қазақпарат» баспа корпорациясының вице-президенті

2000 ж. – «Жас қазақ үні» газетінің бірінші бас редакторы – директоры

2002 жылдан бастап – «Ақ жол» партиясының мүшесі

2009 ж. – «Жас қазақ үні» газетінің бас директоры – Редакторлар кеңесінің төрағасы, «Жұлдыз құпиясы» журналының бас редакторы, «Тұран» басылымының директоры

2012 ж. – «Ақ жол» ҚДП төрағасының орынбасары
Алғашқы өлеңдер жинағы 1984 жылы «Аудитория» студенттер жинағына, 1989 жылы «Тоғыз тарау» жинағына енген
Алғашқы кітабы 1995 жылы «Керімсал» деген атпен жарық көрді

2002 жылы «Қызыл жыңғыл» кітабы, 2008 жылы «Тәтті шөл» кітабы жарық көрді

Бірқатар республикалық ақындар байқауының бірнеше дүркін жеңімпазы
Халықаралық «Алаш» сыйлығының лауреаты (2008 ж.)
«Мәдениет қайраткері» деген атағы бар (2009 ж.)