13
Қыркүйек

13.09.2023

“Ақ жол”: Отандық өндірушілерді қолдауға арналған офтейк жүйесі толыққанды іске қосылуы қажет

Өнеркәсіп және құрылыс министрі

Қ. Шарлапаевқа

 

Мемлкет басшысы Қ. Тоқаев өзінің жақында жасаған Жолдауында реттеулі сатып алулардағы отандық тауарлар үлесін арттыру мен офтейк жүйесін толыққанды іске қосудың маңыздылығын атап өтіп, отандық өндірушілермен арадаға офтейк-келісімшарттарының үлесі кемінде 10 пайызға жеткізуді тапсырды, бұл жылына 2 триллион теңгені құрайды.

Бұл Президенттің азаматтардың өмір сапасын арттырудың негізі ретінде қандай экономиканы қолдап отырғанын анық көрсетеді. Егер бұрыңғы формат шикізат пен қаржы секторларына басымдық берсе, енді Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің өндірістік және әртараптандырылған экономиканы бағдар еткенін нақты белгілеп берді.

Бұл шынымен де жаңа тәсіл.

2015 жылы Үкімет мемлекеттік сатып алулар туралы заңнан «қазақстандық тауар» мен «қазақстандық өндіруші» ұғымдарын алып тастауды талап еткенде, Мәжілістегі пленарлық отырыстар барысында «Ақ жол» фракциясы ғана Үкімет ұсыныстарына қарсы түзетулерді тоғыз рет дауысқа салып, тоғыз ретінде де парламенттік көпшілік Үкімет талаптарын қолдап, ұлттық экономикаға қарсы дауыс берді.

Одан бөлек, «Ақ жол» партиясының депутаттары офтейк-келісімшарттарын тәжірибеге енгізу туралы талаптарын 2020 жылы «Өндірістік саясат туралы» жаңа заңның қаралуы аясында да енгізген болатын.

Бірінші оқылым кезінде бұл бастамалар Үкімет тарапынан қолдау таппады. Тек біз ұйымдастырған қоғамдық пікірталастан кейін ғана шенеуніктер келісуге мәжбүр болып, аталмыш норма заңда орнықты.

Алайда, екі жыл өтсе де бүгінгі таңда бұл нормалар жұмысқа жарамсыз болып қалды, себебі, Индустрия министрлігі түріндегі өкілетті орган тиісті заңнамалық актілерді жасауға еш қам жасамай, іс жүзінде офтейк-келісімшарттар бойынша нормаға тосқауыл қойылды.

Осы орайда, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ 2021 жылдың маусым айында «Квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алулары туралы» өзінің салалық заңының қабылданғанынан бастап, онда да біз офтейк-келісімшарттар туралы нормалар енгіздік, жалпы сомасы 107 млрд теңгені құрайтын 389 келісімшартты жасасқан.

Екі заңда да офтейк-келісімшарттарды несиеге кепіл ретінде пайдалану мүмкіндігі арқылы өндірістік кәсіпорындарды қолдау шараларын кеңейте алғанымызды атап өту керек; жаңа өнімге қажетті техникалық құжаттаманы алуға септесуді қамтамасыз ету және т.б.

Тапсырыс беруші мен орындаушы арасындағы жеткізілетін тауардың бағасы, көлемі мен мерзімі жөніндегі алдын ала мәмілелері бойынша алдағы уақытт ажеткізіп беруді көздейтін офтейк-келісімшарттарының ұзақ мерзімділігін ескерсек бұл жаңашылдықтар өз өнімдерінің өндірісін алдағы кезеңге жоспарлай алу мүмкіндігін берді. Одан бөлек, орындаушының өз міндетін лайықты деңгейде орындаған жағдайында тапсырыс беруші енді көлемдегі тауарларды қабылдау мен ақысын төлеуді осы келісімшартарда көрсетілгендей қамтамасыз етуге тиіс болғандығы да үлкен артықшылық.

Дегенмен, егер «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ сатып алуларында офтейк жүйесі өміршең болып шықса, «Өндірістік саясат туралы» заң аясында кәсіпорындардың кең ауқымы қамтылғанына қарамастан Индустрия министрілігі шенеуніктерінің салғырттығы салдарынан бұл норма жүзеге аспай қалды.

Осы орайда, Президенттің өз Жолдауында офтейк жүйесін «енгізу» туралы емес, «толыққанды іске қосу» туралы айтқаны да көңіл аударарлық жайт.

Аталған мәселелерге байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы келесіні хабарлауды сұрайды:

1) «Өнеркәсіптік саясат туралы» Заңды орындау мақсатында офтейк-шарттар институтын енгізуге қатысты заңнамалық актілер әзірленді ме?

2) Егер қабылданып, орындалмаса, оған кім жауапты?

3) Офтейк-келісімшарттардың тұрақты жүйе ретінде жұмыс істеуі мақсатынды Президент тапсырмасын орындау үшін қандай шаралар қабылдануда.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы