КҚО-ның талаптары жоқ, бірақ кәсіпкерлердің ҚКО-ның өзіне қарсы талаптары бар
ҚР Премьер-Министрі
Ә.Смайыловқа
Жақында Астанада Қайрат Сатыбалдыға қатысты сот процесі аяқталып, сотталушы өз кінәсін мойындап, «КҚО» АҚ-мен (Көліктік қызмет көрсету орталығы) медиациялық келісімге қол қойып, компанияға 28 миллиард теңге шығынды толығымен өтегені белгілі.
Осыған байланысты КҚО жауапкерге ешқандай талап-арыздың жоқтығын мәлімдеді.
Мұның барлығы жақсы, әрине.
Дегенмен, мыңдаған кәсіпкерлердің ҚКО-ның өзіне қатысты шағымдары бар.
Еске салайық, 2017 жылдан бері «Ақ жол» демпартиясы кәсіпкерлермен бірнеше рет ауқымды кездесулер өткізіп, нәтижесінде аталған компанияның заңсыздықтары, яғни, рейдерлік жолмен, заңсыз сот шешімдері мен құжаттарды қолдан жасау арқылы ҚТЖ және жеке кәсіпорындардың кіреберіс жолдарын тартып алғаны туралы төрт депутаттық сауал жолдаған болатын.
Сонымен бірге, ҚКО тарифтерді бірден он есеге көтерген, тариф өсімі 118 есе артқаны жағдайлар болған!
Мұндай бопсалау төлемдерін төлеуден бас тартқан кәсіпорындардың вагондарға кіруіне тосқауыл қойылды, нәтижесінде кәсіпорын шикізатты қабылдап, өнімдерін тұтынушыларға жібере алмай қалды, жұмыс толығымен тоқтатылды.
Тауарларды қабылдау мен жөнелтуді қалпына келтіруге әрекеттенген кезде кәсіпорындарға «тоқтап тұрғаны үшін» 80 миллион теңгеден басталатын есепшот берілетін.
Бұл заңсыздық элеваторларға, түрлі өндіріс салаларындағы ірі және орта кәсіпорындарға, құрылыс материалдарын, тамақ өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілерге, қоймалар мен логистикаға әсер етті.
Бас прокуратураның жуырда жарияланған мәліметтеріне сәйкес, олигополияның мұндай әрекетінен 4 мыңнан астам кәсіпкер зардап шекті.
Бірақ өткен жылдардағы «Ақ жол» фракциясының монополияға қарсы және құқық қорғау органдарына жасаған сауалдарының барлығы «тежеуге тап болып» келген.
Тек 5 жыл өткен соң, Президент Қ.Тоқаевтың биылғы жылдың сәуір айындағы екінші тапсырмасынан кейін Үкімет жанындағы демонополизауиялау комиссиясы тарифтерді 12 есеге төмендетіп, 600-ден астам теміржол рельстерін ҚТЖ меншігіне, яғни, мемлекетке қайтарды, ал КҚО АҚ өзіне, жоғарыда айтылғандай, қыркүйекте 28 миллиард шығын қайтарылды.
Бірақ бұл миллиардтарды аталмыш компания қылмыстық жолмен - бөтеннің теміржол жолдарын басып алу және жеке кәсіпорындардан бопсалау тарифтері арқылы тапқан.
Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясының парламенттік фракциясы келесіні талап етеді:
1. «КҚО» АҚ кәсіпкерлерден негізсіз жоғары тарифтерді қолданып, 5 жыл ішінде заңсыз өндірілген барлық қаражатты қайтаруға міндеттелсін. Бұл бұрын төленген сомалардың 90%-дан астамы. Қ.Сатыбалдадан қайтарылған 28 миллиард теңгенің қомақты бөлігі осы сомаларды кәсіпкерлерге төлеуге жұмсалуы керек деп есептейміз.
2. Еске салайық, Конституцияның 6-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылып, қорғалады. Онсыз либералды экономика былай тұрсын, ешбір нарықтық экономиканың болуы мүмкін емес. Сондықтан, заңсыз басып алынған теміржол рельстерін мемлекет меншігіне қайтарумен қатар, КҚО-ның жеке кәсіпорындардан тартып алған теміржол рельстерін де қайтаруын талап етеміз.
Бірқатар жағдайларда бұл Бас прокуратураның араласуының арқасында орын алып отыр, бірақ біз әрбір жеке кәсіпкер сотқа жүгініп, айқын нәрселерді дәлелдемеуі үшін монополиясыздандыру комиссиясының жүйелі шешім қабылдау қажет деп санаймыз.
3. Бұрынғы жеке меншік иелерінен монополиясыздандыру жөніндегі комиссияның жұмысы басталғаннан кейін КҚО оларға бұрын басып алынған жолдарды қайтарып беруді ұсынғаны, бірақ бұл жолдар толығымен бұзылып, пайдалануға жарамсыз болғаны туралы хабарламалар бар, бұл пайдаланған жылдар ішінде ҚКО оларға техникалық қызмет көрсетпей, техникалық регламенттерді сақтамағанын айғақтайды. Бұл бағыттарды қалпына келтіру қомақты инвестицияны қажет етеді. Осыған байланысты, кәсіпкерлер қалпына келтіру жұмыстарына жұмсалған шығындарды өтеуді немесе КҚО оларды бизнестен тартып алған кездегідей жұмысқа жарамды жағдайда заңды иелеріне қайтаруды талап етеді.
Осы мәселелер шешілмей, жеке кәсіпкерлердің заңды мүдделері қорғалмайынша, теміржол инфрақұрылымы саласындағы монополистерге қатысты монополиясыздандыру жөніндегі Үкімет комиссиясының жұмысын аяқталды деп санауға болмайды.
Құрметті министрлер, «А» деп айтқан екенсіздер, енді «Б» деуді де ұмытпаңыздар, жақсы, дұрыс істі соңына дейін жеткізейік.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары