ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы
Е.А. Досаевқа
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту
Агенттігінің төрайымы
М.Е. Әбілқасымова
«Ақ жол» партиясына микроқаржы ұйымдары мен онлайн компаниялар алдында пайда болған борыштары бойынша еліміздің азаматтары өтініш білдіруді жалғастыруда.
Өтініш білдірген адамдардың айтуынша, 145 мың теңгеге дейінгі микрокредиттерді рәсімдеп, кейін уақтылы төлем жасай алмағандықтан қарыз 2 есе өскен.
Бұл ретте, борышты ұзарту немесе қайта құрылымдау туралы микроқаржы ұйымына жасалатын өтініш оң шешімін таппайды. Осылайша, азаматтар 145 мың теңге көлемінде кредит алып, қарызға белшесінен батып отыр. Әрі мұндай жағдайлар бүкіл ел бойынша, әсіресе, қазіргі кезде өте көп. Негізінен, мұндай қарыз түріне халықтың әлеуметтік осал бөлігі жүгінеді, олар, көбінесе тұрмыстық мақсатта, тұрғын үйге немесе емделуге кредит алуға мәжбүр. Мұндай микрокредиттер бойынша жылдық тиімді мөлшерлеме 2333 %-ға (пайызға) дейін жетеді.
Микрокредиттік ұйымдарды негізгі құқықтық реттеу 2019 жылғы шілдеде ғана, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы нарығын реттеу мен дамыту, микроқаржылық қызмет және салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңмен енгізілген болатын. Осы Заңға сәйкес Уәкілетті орган онлайн компанияларға бақылау және қадағалау енгізді (шарттың мазмұнына қойылатын талаптар, борышкерді қорғау және т.б.). Бұдан басқа, тиімді сыйақы мөлшерлемесін 56% шегінен асырмау туралы міндетті талап енгізілген еді. Алайда, бұл шектеулер 50 АЕК (айлық есептік көрсеткіштен) (145 800 теңге) аспайтын сомаға, 45 күнге дейінгі мерзімге берілетін микрокредиттерді қамтыған жоқ.
Мұндай микрокредиттер бойынша сыйақы Ұлттық Банктің заңға тәуелді актісімен белгіленген.
«Микрокредит беру туралы шарт бойынша сыйақының шекті мәнін белгілеу туралы» 2019 жылғы 26 қарашадағы №209 Ұлттық Банк Басқармасының Қаулысымен 50 АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) дейінгі қарыздар бойынша мөлшерлемелер берілген микрокредит сомасының 30%-ы мөлшерінде белгіленеді.
Егер осы мәндерді СЖТМ (сыйақының жылдық тиімді мөлшерлемесін) есептеу бойынша Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің АРВ калькуляторына енгізсек, онда қарыз сомасы 100 мың теңге болып, ал оны бір айдан кейін 130 мың теңге мөлшерінде қайтарған кезде СЖТМ мөлшерлемесі шамамен 2333,95 %-ды (пайызды) құрайды.
Демек, реттеуші ретіндегі Ұлттық Банктің өзі қарыз алушыларды шыға алмайтын борышкерлік шұңқырға отырғыза отырып, осындай қарыздар бойынша тонаушылық пайыздарды есепке жазуға ықпал еткен.
«Бірінші кредиттік бюроның» деректері бойынша 50 АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) және 45 күнге дейінгі сомаға берілген микрокредиттер портфелі 2020 жылдың басында – 61,5 млрд. теңгені, ал 2021 жылдың басында 71,9 млрд. теңгені құраған, яғни, микрокредиттік және онлайн компаниялар Ұлттық Банк ұсынған ілікті пайдаланды.
Президенттің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында әлеуметтік проблемаларды шешу және ауыл тұрғындары арасында қаржыландыруға қол жеткізуді кеңейту үшін микроқаржы ұйымдарының маңызды рөлі аталып өткен болатын.
«Екінші деңгейдегі банктер шағын жобаларға, әсіресе ауылға арнап ақша салмайды. Сондықтан, микроқаржы ұйымдарының әлеуетін іске қосу керек. Олар жергілікті жерде жұмыс істейді. Өзінің тұтынушыларын, олардың бизнесі мен мүмкіндіктерін жақсы біледі. Ұлттық Банк пен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі бұл мәселе бойынша шешімдер топтамасын әзірлеуі қажет», - деп атап өткен еді Президент.
Осы тапсырманы іске асыруда микроқаржы ұйымдарына ел бюджетінен төмен мөлшерлемемен кредит беру үшін ресурстар бөлу көзделген. Алайда, микроқаржы ұйымдарына 2000%-дан астам СЖТМ-мен 50 АЕК-ке (айлық есептік көрсеткішке) дейін қарыздар беру бойынша заңнамада көзделген мүмкіндік Президент Жолдауына толығымен қайшы келеді. Дәл осы ауыл тұрғындары арасында бұл қарыздар жоғары сұранысқа ие болып отыр. Әрі осыны келесі көрсеткіштер дәлелдеп отыр: 2021 жылғы 9 айдың қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдарының жиынтық кредиттік портфелі 27,8%-ға ұлғайып, 1317,6 млрд. теңгені құрады.
«Ақ жол» ҚДП фракциясы халық үшін 2000%-дан (пайыздан) асатын СЖТМ мөлшеріндегі сыйақы мөлшерлемесін қолдануға болмайды деп есептейді. Бүгінгі таңда Ұлттық Банк белгілеген микроқарыздар бойынша шекті мән қоғамда әлеуметтік шиеленістің өсуіне және наразылық көңіл күйге алып келеді.
Борыштық жүктеменің бақылаусыз өсуіне жол бермеу мақсатында микрокредиттер бойынша сыйақы мөлшерлемесін реттеуді қайта қарау және қарыздың сомасы мен оны пайдалану мерзіміне қарамастан, жалпы реттеуді, атап айтқанда, 56% болатын СЖТМ-ді енгізу қажет.
Жоғарыда айтылғанға байланысты, «Ақ жол» ҚДП фракциясы:
Құрметпен, «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары