Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Ә.А.Смайыловқа
Өткен жылыту маусымында еліміздің түрлі аймақтарында (Петропавл, Екібастұз, Риддер, Рудный) орын алған ірі коммуналдық апаттардың тұтас сериясы энергия жүйелерінің толықтай, жылу және электро-энергетика салаларында кейбір жағдайларда 95%-ға дейін тозғанын көрсетті.
Осы орайда Мемлекет басшысы энергия өндіруші және энергия тасымалдаушы нысандарды, соның ішінде «Инвестиция орнына тариф» бағдарламасы аясында жаңартуды тапсырды.
Сондықтан, жақын айларда энергетикалық компаниялар жалпы алғанда жүздеген миллиард қосымша табыс табады және оны жаңа жабдықтарды сатып алу мен ескіні модернизациялау жұмыстарына жұмсауы керек.
Сонымен бірге, тарихи тұрғыда қалыптасқандай, негізінен энергетикалық жабдықтарды өндіріп, Қазақстанға жеткізуші (құбырлар, генераторлар, қазандықтар, агрегаттар, сорғылар мен тб.) бүгінде шабуылға ұшырап, қирандылар астында қалып жатқан Украина еді.
Ресей өнеркәсіптері секілді баламалы жеткізушілер де қазіргі жағдайда тапсырыстарды уақытылы әрі қажет көлемде өтей алмайтындығы белгілі.
Өзге нұсқалардың барлығы (жабдықтарды Европа, Корея және т.б. елдерден сатып алу) тым қымбатқа соғып, біздің нысандарға технологиялық тұрғыдан келе бермейді.
Осы орайда, «Ақ жол» демпартиясы Үкіметке жоғарыда аталған энергожүйелерді жаңартып, модернизациялау мақсатында отандық энергетикалық жабдықтарды өндіру бойынша шұғыл шаралар қабылдауды ұсынады.
Өкінішке орай, көлік жасаудың бұл саласы индустрия министрлігінің «бодауында» қалып қойған.
Алайда, белгілі болғандай, отандық энергетикалық жабдықтар елімізге ауадай қажет. Сонымен қатар, мемлекет энергетикалық компанияларға осы мақсатқа жинап жұмсау үшін үлкен қаражат беруде - инвесттариф аясында ғана әңгіме 400 млрд тг астам қаражат туралы болып отыр.
Қазіргі жағдай осы қаражаттың Қазақстанда игерілуіне барлық жағдайды жасауда, оған сол Ресей мен Украинадағы кадрлар мен өндірістер әлеуетінің релокациясы мен төлем қабілеті бар сұраныс көзінің табылуы, жаңа өндірістерді ашып, жаңа өнім мен технологияларды игеруге мүмкіндік беретін бұрынғы ірі көлік құрастыру кәсіпорындарының болуы да септесуде.
Қажетті серпін алған жағдайда бұл сала энергожүйемізге керекті жабдықтарды шығарып, ағымдағы жаңарту жұмыстарын қамтамасыз ете отырып, орта-азиялық аймақтан бастап жаңа сатылым нарығын игере алар еді.
Бірақ әзірге бұл ашылған мүмкіндіктер ғана, ал салалық мемлекеттік органдар тарапынан тиісті релоканттар немесе басқа серіктестерді іздеуде де, саладағы отандық өндірушілерді қолдау шараларында да қажетті бастамашылық көрінбейді, мұндай даму жолына мүлде мүдделі емес сияқты.
Ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қолдаудың жоқтығынан елімізде өмірлік маңызы бар өнеркәсіптік энергетикалық жабдықтарды шығаратын кәсіпорындар іс жүзінде жоқ, ал жұмыс істеп тұрған зауыттар тек қиын емес бір ретік тапсырыстар және жөндеу базасымен шектелген.
Ал, «Өнеркәсіптік саясат туралы» заң аясында Өнеркәсіптік жинақ туралы келісім сияқты көлік жасау өндірісін тарту мен құрудың тиімді механизмдері бар. Бұл құрал оқшаулау талаптарын, бағаның ашықтығын қамтиды, ол үшін бюджеттен миллиардтаған сомалар қарастырылған.
Алайда, қандай да бір себептермен аталмыш формат өнеркәсіптік өндірістегі басқа бос салаларды айналып өтіп, тек көлік пен ауылшаруашылық техникаларын құрастыруға ғана сәтті қолдануда.
Біз жинақталған тәжірибені жоғарыда көрсетілген себептерге байланысты басқа салаларға, ең алдымен энергетикалық көлік құрастыруға тарату керек деп есептейміз.
Осыған байланысты «Ақ жол» парламенттік фракциясы келесіні ұсынады:
1) Тез арада бизнеспен бірлесес энергия өндіруші және жеткізуші ұйымдардың, оның ішінде жылу-энергетика саласын жаңғырту қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін электр энергетикалық жабдықтардың отандық өндірісін ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу.
2) Жауапты органдарды Қазақстанға көшіру үшін тиісті шетелдік кәсіпорындарды таңдауды бастау немесе оларды серіктестер және құрамдас бөліктерді жеткізушілер ретінде тартуға міндеттелсін.
3) «Өнеркәсіптік саясат туралы» заңды іске асыру шеңберінде энергетикалық өнімдерді өнеркәсіптік жинақтау, сондай-ақ тиісті жеңілдіктер мен Өнідірісті дамыту қоры арқылы қаржыландыру туралы үлгілік келісімді әзірлеу.
Мұндай шешімнің пайдасы айдан анық – жүздеген миллиард бюджет қаражаты мен инвесттарифтің Қазақстанда қалып, ішкі нарықта қайта бөлінеді, жаңа өндірістер ашылып, жұмыс орындары құрылады, бұл қаражатты экономикаға жалақы, салықтар, несиелер бойынша төлемдер, жаңа технологиялар мен өнім түрлерін игеру ретінде қайта оралады және т.б.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары