19
Ақпан

19.02.2014

«Ақ жол» партиясы мал шаруашылығы саласын қорғауға шықты – субсидия төлемдері бойынша кешіктірулерді қысқарту қажет - ҚР Премьер-Министрінің атына жолданған депутаттық сауал

 

2014 жылғы 19 ақпанда жарияланған                                        
 Қазақстан Республикасы
                    Премьер-Министрі 
                                        С.Н. Ахметовке
 
 Депутаттық сауал
 
Құрметті Серік Нығметұлы!
 
         Мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру мақсатында субсидиялау қағидалары жөніндегі – 088 бюджеттік бағдарламасымен қаржыландыруды бастаудың созылып бара жатқанына назар аударуларыңызды сұраймыз.
          Бұл кешіктірулер жыл сайын жүйелі сипат алып отыр. 2013 жылы Қазақстанның мал шаруашылығы саласы  үлкен дағдарысқа тап болды, оны 2014 жылы уақтылы субсидиялау, саланы одан әрі дамытудың қажетті шарты болып табылады. Мысалы,  2012 жылы субсидиялау тек мамырдың басында, 2013 жылы – наурыздың соңында басталды. Ағымдағы жылы барлығы да өткен жылдардың үлгісі бойынша жылжып келеді. Ал, көптеген ауылшаруашылық кәсіпорындары Ауылшаруашылығы министрлігі уәде еткендей, бұл ақшаны 2014 жылдың қаңтарында алуға үміттеніп, оны өз кәсіпорындарына (негізгі қорларын жаңартуға, несиелерін төлеуге) жұмсауға жоспарлап қойған, мемлекеттік қолдаудың мерзімдерінің бұзылуы олар үшін өндірістіктен бастап,  несиелерін жабу кестелеріне дейін әр түрлі жоспарларының бұзылуына әкеледі.
Өздеріңізге мәлім, бірінші тоқсан, ал нақтырақ айтсақ  қаңтар-ақпан айлары сату көлемі 2 есеге дейін құлдырайтын шақ. Бұл сала үшін субсидия төлемдерінің кешігуімен бірге ахуалды мүлдем қиындатады.
Сауалда мысал ретінде құс шаруашылығындағы жағдай келтіріледі: 2012 жылы елімізде 319 000 тонна құс еті пайдаланылған, оның ішінде  193 000 тонна құс еті импортқа шығарылған, бұл Қазақстандағы құс етін тұтынудың 60 %-ын құрайды.
Егер өткен жылы (2013), отандық өндірушілер Украина және Кедендік одақ мүшелері тарапынан арам бәсекелестікпен күрессе, бүгінгі таңда  біздің өндірушілер елімізде азық-түлік қауіпсіздігі үшін қажетті құс етін өндіруде отандық үлесті қазіргі 40 %-дан 70 %-ға дейін көтеруді жалғастыруда мемлекеттің жоспарланған субсидия түріндегі қолдауын ала алмай отыр.
Жуырдағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Президент отандық кәсіпкерлерге жан-жақты қолдау көрсетуді, және оның өндіруші кәсіпорындар болуына көңіл бөлуді тапсырған.
Мал шаруашылығы, өңдеуді қоса алғанда, экономиканың дәл осындай секторы болып табылады.
Осындай мемлекеттік қолдаулар Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту–2020 Бағдарламасында қарастырылғанын ескере отырып, Үкіметке және Ауылшаруашылық министрлігіне осындай кешіктіруді мүлдем болдырмау үшін үш жылға бекітілетін Субсидиялау ережесіне өзгертулер енгізуді ұсынамыз.
 
 Құрметпен,
 
«Ақ жол» ҚДП парламенттік
фракциясының депутаттары            

А.Перуашев

Е.Никитинская

А.Әбілдаев

Т.Ерғалиев

Н.Жазылбеков

С.Қадралиева

М.Қазбекова

А.Тұртаев