19.11.2014
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Мүмкіндігі шектеулі адамдарды жұмысқа орналастыру біздің елімізде ең өткір проблемалардың бірі болып қалып отыр.
Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әртүрлі құжаттармен мүгедектер үшін жеке кәсіпорындарда жұмыс орындарының міндетті түрде бөлінуі қаралуда. Мемлекет басшысының жарлығымен 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасы бойынша да мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды еңбек қызметіне тарту қажеттілігі атап өтілген.
Осыған байланысты «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясымен 2014 жылдың 10 ақпанында Заң жобасы жасалып және енгізілген болатын, онда мемлекеттік органдарда, ұлттық компанияларда және мемлекеттің қатысуындағы кәсіпорындарда мүгедектерді жұмысқа орналастыру бойынша нормаларды бекіту ұсынылған болатын.
Алайда, ағымдағы жылдың 28 ақпанындағы ВАК отырысында уәкілетті мемлекеттік орган болып табылатын Еңбек жәнехалықтыәлеуметтік қорғау министрлігі бұл заң жобасына қарсы шықты, себебі, анықталып отырғандай, елімізде бүгінге дейін мүгедектің жұмыс орнының стандарты бекітілмеген, және бұл мәселенің шешімі тек 2016 жылы ғана болады деп күтілуде».
Сонда, осы жылдар бойы, жеке кәсіпкерлерден мүгедектерді жұмысқа қабылдауды талап ете отырып, мемлекеттік органдар, біріншіден бұл талаптарды сәйкес нормалармен қамтамасыз етпеген, екіншіден, жиырма жылдан артық уақыт бойы осы стандарттарды жасауға қолдары тимеген, және үшіншіден, олардың қажеттілігін мүгедектерді тек қана жекеге емес, және мемлекеттік секторға да жұмысқа орналастыру мәселесі қойылған кезде ғана еске алған.
Сол уақытта Халықты жұмыспен қамту туралы» күші жойылған Заңмен де 1990 жылдан бастап мүгедектерді жұмысқа орналастыру кепілдіктері бекітіліп жатты. Кәсіпорындарға, мекемелерге және ұйымдарға мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін арнайы әлеуметтік жұмыс орындарының ең аз санын құру жөнінде міндетті талаптар қойылған. Ал 2001 жылдан бастап жергілікті атқарушы органдар мүгедектердің жұмыспен қамтылуын келесі жолмен қамтамасыз етуі тиіс болатын:
1) мүгедектер үшін жұмыс орындарының жалпы санынан үш пайыз мөлшерінде жұмыс орындарының квотасын белгілеу;
2) мүгедектер үшін жеке кәсіпкерлікті, шағын және орта бизнесті дамыту арқылы қосымша жұмыс орындарын жасау.
Осылайша, кәсіпорындар, ұйымдар, және басқа бизнес-құрылымдар 1990 жылдардан бастап мүгедектердің жұмыспен қамтылуын міндеттеген кезде, қосарлы стандарттарды қолдану орын алған, ал мемлекеттік органдарда және ұлттық компанияларда тиісті заңнамалық базаның жоқтығы сылтауымен аталған мәселе ұзақ уақыт бойы кейінге қалдырылып келеді.
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы! Жоғарыда баяндалғандардың негізінде Сізден мүгедектердің жұмыс орнының стандарттарын жасауды, оларды мемлекеттік органдарда және кәсіпорындарда, сондай-ақ ұлттық компанияларда жұмысқа орналастыру мүмкіндіктері үшін, жеделдетуді сұрайды.
Сауалды қарастыру нәтижелері туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында бекітілген тәртіппен хабарлауды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік
фракциясының депутаттары
Жариялаған депутат Меруерт Казбекова
263-ДС жауап