15
Қантар

15.01.2015

Ресейлік алкогольді қолдау жөніндегі Ресейді қолдаушылық (протекционизм) шаралардың аясында, «Ақ жол» фракциясы ЕАЭО біртұтас нарығындағы қазақстандық шарап ашытушыларының мүдделерін қорғауға шықты

15 қаңтар 2015 жыл, «Ақ жол» КДП  баспасөз-қызметі.
Ресейлік алкогольді қолдау жөніндегі Ресейді қолдаушылық  (протекционизм) шаралардың  аясында, «Ақ жол» фракциясы ЕАЭО біртұтас нарығындағы қазақстандық шарап ашытушыларының мүдделерін  қорғауға шықты – тиісті депутаттық сауалды Премьер-Министр К.Мәсімовтың  атына  кеше пленарлық отырыс барысында фракция жетекшісі Азат Перуашев жариялады.
Төменде «Ақ жол» КДП фракциясы депуттатық сауалының толық нұсқасы беріледі. 
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке 
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!                                                                
2004 жылы Қазақстанда  алкогольді өнімді  жарнамалауға толық  тыйым салынғаны мәлім.  Сол кездегі  жеке ішкі нарықтың жағдайында болған бұл шара, әлеуметтік көзқарас тұрғысынан алғанда, даусыз адекватты болды және ешқандай қоғамның қарсылықтарын тудырған емес.
Бірақ, соған қарамастан,  көп ұзамай сол қадамның келеңсіз экономикалық салдарлары айқындалды, өйткені көрші Ресей Федерациясының  алкоголь жайлы жарнамасы көп уақытқа дейін еркін болып келді де, оған тек екі жылдан соң тыйым салынды, ал сыра жарнамасы 2012 жылы, 8(!) жылдан кейін ғана тоқтатылды.
Тәуелсіздіктің барлық жылдарында, біздің халқымыз әлі де ресейлік бұқаралық ақпараттық құралдарының  белсенді тұтынушылары болып келе жатқанын ескеруіміз керек.
Барлық социологиялық зерттеулер мәліметтеріне сәйкес, үнемі ресей телеарналарын көретін және ресей бұқаралық ақпарат құралдарын оқитын, қазақстандықтардың үлесі, тұрақты 60 -тан  80 % дейін құрайды, ал гуманитарлық - саяси жағдаяты Қазақстандық орталығының зерттеуі бойынша біздің отандастарымыздың 90% дерлігі ресейлік ақпарат кеңістігінің құрдымына кірген.
Нәтижесінде, 2004 жылдан бастап, Қазақстанда нықтап мына жағдай қалыптасты, отандас тұтынушыларымыз ресейлік алкогольдің жарнамаларын  көрді, бірақ дәл сондай қазақстандық өндірістің өнімі туралы ақпаратқа қолжетімділік болған жоқ.
Көп ұзамай бұл жағдай тұтынушылардың қалауына,  ал сонан соң саудадағы маркетингтік саясатқа да әсерін тигізді.
Ресейлік араққа, коньякқа, шараптарға, сыраға  супермаркеттерде, дүкендерде сатып алушылар үшін байқарлықтай орындарды беретін болды, ал өзіміздің отандық ішімдік артқы қатарларға ығыстырылып, өнім көлемі азайды.
2006 жылдың өзінде Қазақстандық шарап жасаушылардың  Одағы және «Атамекен» ҰЭП сауда торабындағы қазақстандық алкогольдік өнімді іс жүзіндегі кемсітушіліктері туралы мәселе көтерген болатын.
Отандық өндірушілердің барлық наразылықтарына  саудагерлердің  орынды жауабы болды: біз сатып алушылардың сұрағанын көрнекті  қатарларға қоямыз.
Ал сатып алушылар жарнамадан көргендерін сұрайды.
Экономика заңы мынаны айтады: «Жарнама - сауданы алға бастырушы», біздің шарап жасаушыларымыз жарнамасыз және саудасыз қалғаннан кейін, бұл заңды өздерінің  тәжірибесінде танып білді.
Ресейлік тарап соған дейін 2 жыл Кедендік одақта  болғанына қарамастан Қазақстан үлгісімен тек 2012 жылдан бастап жүре бастады және алкоголь жарнамасына (сыраны қоса алғанда) толық тыйым енгізді, ал ол тыйым Қазақстанда 2004 жылдан бері бар.
Сол сәттен-ақ барлық БАҚ-та және одақтық мемлекеттің биік мінберлерінен  қазақстандық алкогольдің озбырлығы туралы айқай-шу көтерілді, басқа да біздің өнімдерімізді РФ аумағында тасымалдауға шектеуден бастап, мұндай өнімдерге бойкот жариялау науқанына дейін кемсітушілік шаралары енгізіле бастады.
Бұған қарамастан, қазақстандық шарапшылық, өзінің керемет табиғи-климаттық жағдайларының және кәсіпкерлердің кәсіби шеберлігінің  арқасында сатып алушылар үшін күресуге тырысып жатыр. Байырғы тарихы бар «Бахус», «Капланбек», «Дионис» сияқты белгілі брендтерге  жаңалары да  -  «Виньяк», «Арба Вайн»  және тағы да басқалар қосылып жатыр.
Олардың кейбіреулері іс жүзінде тізе бүккен, бірақ бұлар біздің кәсіпорындарымыз, біздің салықтарымыз, біздің жұмыс орындарымыз, оларға біз ғана көмектесе аламыз және көмектесуге міндеттіміз.
2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Ресей Федерациясында «Жарнама туралы» заңға жаңа түзетулер күшіне енді, онда БАҚ-да және телеарналарда алкогольді (сыра және шарап) қайта жарнамалауға рұқсат берілді, бірақ - айрықша көңіл бөлулеріңізді сұраймын – тек ресейлік өнімге.
Бұдан бұрынғы жағымсыз тәжірибені ескере отырып, бұл шешімнің ең жақын уақытта қазақстандық нарыққа, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай нарығындағы  қазақстандық өнімінің позициясына қандай әсерін тигізетінін түсіндіру де керек емес деп ойлаймын. Қысқаша айтсақ, біз үшін әңгіме ұлттық экономиканың тұтас саласының өміршеңдігі жоғалуы туралы  болып отыр.
ҚР аумағында  ресейлік телеарналарының хабарларын ретрансляциялау кезінде жарнамалық блоктар қазақстандық заңнамамен реттелетіні түсінікті. Бірақ спутник бойынша сигналдар алғанда, шекарамен шектес аймақтарды, сондай-ақ ҚР аумағына РФ-да шығарылған басылымдарды тарату кезінде бұл талаптың орындалуы екіталай.
Бұдан басқа, жаңа енгізудің қазақстандық өндірушілердің ЕАЭО –ның бірыңғай нарығындағы мүдделерін, ресей аумағындағы тең бәсекелестік ұстанымын бұзғалы тұрғаны анық.
Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» партиясының фракциясы қалыптасқан жағдайларға байланысты отандық өндірушілердің мүдделерін қорғау бойынша Үкіметке шұғыл шаралар қабылдауды ұсынады. 
Құрметпен,
«Ақ жол» КДП депутаттары                              4-ДС жауабы