21.01.2015
21 қаңтар 2015 жыл, «Ақ жол» КДП баспасөз-қызметі.
Азат Перуашев Жеңістің 70-жылдығы шеңберінде Ұлы отан соғысының тыл ардагерлерінің құқықтық мәртебесін бекітуді ұсынды – бүгін Мәжілістің пленарлық отырысы барысында Премьер-Министр К.Мәсімовтің атына тиісті депутаттық сауалды «Ақ жол» КДП парламенттік фракциясының жетекшісі Азат Перуашев жариялады. Фракция сауалының толық мәтіні төменде берілген.
2014 ж. 21 қаңтарында жарияланды Қазақстан Республикасының
Премьер – Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Биылғы жылы бүкіл адамзат Екінші дүниежүзілік соғыста фашизмнен құтқарған Ұлы Жеңістің 70-жылдығын атап өтеді.
Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша, бұл датаны тойлау жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілгені белгілі.
БАҚ-тың хабарлауынша, аталған Жоспардың аясында, ҚР Үкіметімен ардагерлерге әлеуметтік, материалдық және медициналық көмек көрсету мәселелері қаралды.
Әрине, тікелей жауынгерлік әрекеттер Сталинградтық шайқас кезінде бомбалауға душар болған Батыс Қазақстан облысындағы Жәнібек пен Сайхын темір жол станцияларын қоспағанда, біздің еліміздің аумағын айналып өтті.
Бірақ, қазақстандықтардың Ұлы Жеңіске қосқан адами үлесі – бұл 1 млн. 200 мыңнан астам Отан соғысының майдандарда шайқасқан жауынгерлер мен офицерлер, бұл 600 мыңнан астам жерлестеріміздің Жеңіс үшін берген өмірлері.
Бұдан басқа, майдангерлерге құрмет көрсете отырып, адам сенбестік ауыр жағдайларда әскерді бүкіл керек–жарақпен қамтыған тыл ардагерлеріне де ризашылығымыз бен құрмет көрсету аса маңызды деп санаймыз. Олармен 460-тан астам зауыт пен фабрикалар салынды, миллиондаған тонна астық өсіріліп, жиналып, майданға жөнелтілген, жүздеген мың тонна ет және басқа да азық-түлік, 2,5 млн. жылы киімдер, 1600 вагоннан астам сәлемдемелер жіберілген.
Әр кеңестік танкте, ұшақ, корабль, снарядта, Қазақстан кеніштерінде шығарылған мыс, қорғасын, вольфрам, молибден бар. Фашистік басқыншыларға жіберілген әрбір он оқтың, тоғыз оғы қазақстандық қорғасыннан жасалғанын, айту да жеткілікті.
Қазақстандықтар қорғаныс қорына 4 млрд.700 млн. рубльден артық ерікті жарналар салған. Бұл ақшаға «Қазақстан Металлургы» танктік колоннасы және бірнеше авиация эскадрильясы жасалған және қалыптастырылған. «Бәрі майдан үшін, бәрі жеңіс үшін!» деген сөздер сол кезде көптеген біздің жерлестеріміздің өмірлік мәні болды.
Қазақстан жарты миллионнан астам көшіп келгендерді қабылдады, оларды жергілікті отбасылар үйлеріне алып, жылытып және тамақтандырған.
Ең кереметі, бұл еңбектегі ерліктер, сол кезеңдегі майданға кеткен ерлерді алмастырған, халық шаруашылығы еңбеккерлерінің 80 % құраған, әйелдермен, қариялармен және балалармен жасалғаны.
Тыл еңбеккерлерінің Жеңіске қосқан үлестері мемлекетпен лайықты бағаланды: 1945 жылдың маусымында «За доблестный труд в Великой отечественной войне 1941-1945 гг.» атты медаль бекітілген, сол медальдің алдыңғы жағы «За Победу над Германией» жауынгерлік медаліне ұқсас болды, ол тыл еңбеккерлерінің сол кездегі рөлін бағалау жайлы айтып тұр.
Бүгінде объективті себептермен, жасы ұлғайған майдангерлердің саны, күннен күнге қысқаруда.
Алайда қазақстандық қалаларда және ауылдарда тұрып, немерелер және шөберелер тәрбиелеп отырғандардың ішінде, тылда және еңбек майданында мектеп жасында жұмыс істеп, Жеңіске өз үлестерін қосқандар аз емес. Бүгін олардың ең жасы 80 жасқа келіп қалды.
Өкінішке орай, ардагерлердің бұл санаты өзінің еңбектік ерліктеріне барабар қатынасқа ие бола бермейді. Бұл оларды танып, құрметтеуге де және әлеуметтік қолдауға да қатысты.
Мысалы, заңнамаға сәйкес, тыл ардагерлері Ұлы отан соғысының қатысушысына да, не қатысушыларға теңестірілген тұлғаларға да жатқызылмаған. Бірақ олардың еңбектегі ерлігі бұдан төмендеп қалған жоқ қой.
Күні кеше, 2015 ж. 19 қаңтарында, Президент Н.Назарбаев Жеңістің 70-жылдығының құрметіне арналған бірыңғай мерекелік медаль туралы Жарлыққа қол қойғаны кездейсоқтық емес, онымен майдангерлер де, сонымен қатар соғыс кезінде халық шаруашылығында 6 айдан кем емес жұмыс істеген тыл еңбеккерлері де марапатталады.
Сонымен мемлекет Басшысы олардың еңбектегі ерліктерінің маңызын атап өтті.
Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы Үкіметтен Ұлы Жеңістің 70 – жылдығы шеңберінде, майдангерлерге құрмет көрсетумен қатар, Президенттің тыл ардагерлерінің үлесіне берген жоғары бағасын қолдап, оларға әлеуметтік, материалдық және медициналық қолдау мүмкіндігін, сондай-ақ олардың құқықтық мәртебесін бекітуді қарастыруды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» парламенттік фракциясының депутаттары