28.01.2015
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
Депутаттық сауал алдыңғы а.ж. 14 қаңтарындағы осы тақырыпқа толықтыру ретінде жарияланды.
Биылғы жылы арнайы балалардың ұстайтын құрылғыларынсыз немесе автокреслоларсыз балаларды тасымалдауға тыйым салатын «Жол жүрісі туралы» Заң күшіне енгені мәлім.
Сонымен бірге, «Техникалық реттеу туралы» Заңына сәйкес, өнімнің қауіпсіздігінің талаптары тек Техникалық регламенттермен белгіленеді, онда адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қауіпсіздіктің, өнімнің сипаттамасы және оны пайдалану ережелерін сақтау үшін міндетті нормалар белгіленеді.
Автокреслоларға және балаларды ұстау құрылғыларына қатысты техникалық регламентті әзірлеуге, логика бойынша, Жол полициясы және Инвестициялар және даму министрлігінің техникалық реттеу және метрология Комитеті жауап береді. Әңгіме жол оқиғалары және апаттық жағдайлардағы адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті жағдайларда іске қосылатын құрылғылар туралы болып отырғанда, әрине, қауіпсіздік талаптарының қажеттілігі арта түседі.
Техникалық регламентті қабылдамай – нақты не мұндай құрылғы болып саналады және ол қандай талаптарға сәйкес болу тиіс?- деген сұрақ ашық қалады.
Алайда, «Жол жүрісі туралы» заңын қабылдағаннан кейін, жол полициясы жарты жыл ішінде осындай Техникалық регламентті әзірлеуге мұршалары да болмағаны айқындалды.
Сонымен қатар, «Дөңгелектіавтокөліктікқұралдар қауіпсіздігі туралы» Кедендік одақтың Техникалық регламентінде, «балаларды тасымалдау үшін отырғыш» еске алынған, бірақ оның конструкциясын, материалдарын және тәртібін анықтайтын талаптарының өзі жоқ.
Балаларды ұстайтын құрылғылардың №41.44-2012 жылғы ұлттық стандарты бар, алайда, заңнамаға сәйкес стандарттар ерікті немесе ұсынбалы сипатқа ие. Орындауға міндетті қауіпсіздік талаптары тек Техникалық регламентте көрсетілген, оның осы құрылғыларға жоқ екені анықталып отыр.
Нәтижесінде, әлеуметтік желілерде автокреслолар деп отырғышқа қойылған балалар шаналарын, бүктелген көрпешелерді, поролоннан жасалған жастықтарды және т.б санау туралы жүргізушілер ұсыныстары әлден-ақ пайда болды.
Қауіпсіздік талаптарынсыз, әркімнің еркінше жасалған құрылымдар мен материалдардан құралған құрылғылар - балаларды кейде құтқара алмай, керісінше, қауіп төндіретіні анық. Алайда, мұның себебі заңнан емес, оның тәжірибеде орындалуындағы сәтсіздіктерде.
Жуырда «Ақ жол» партиясында өткен тыңдауда, Жол полициясы басшылығы тіпті балалар құрылғыларына талаптар Техникалық регламентте бекітілуі тиіс екенін де білмей шықты.
Онда қандай құралдың жарайтын, жарамайтынын полицейлердің өздері қарап шешуге құқығы бар деп санайды.
Мұндай көзқарас, жемқорлықтың алаңын құрайды, тіпті қалыпты құрылғың болса да, жол полициясы өкілдерінің оны дұрыс емес деп танып және жүргізушіні болмаған тәртіп бұзушылық үшін жауапкершілікке тарту мүмкіндігі пайда болады.
Осы қысыммен, бүгінде жүргізушілер кез келген автокреслоларды жаппай сатып алуда, соның ішінде қытай өндірісі де бар. Алайда, Қытай қазақстандық немесе еуропалық регламенттерді қолданбайды, оның қолданыста өзіндік тәртіптері бар. Біздің мемлекеттік органдармен ара – тұра біздің регламенттеріміздің талаптарына сәйкес келмейтін қытай техникасын Қазақстанда пайдалану мәселесін көтеріп тұратыны кездейсоқтық емес. Мұндай техниканың құрылғылары, балаларды ұстайтын құрылғылар мен автокреслоларды қоса алғанда, сондай-ақ қазақстандық қауіпсіздік нормаларын қабылдағаннан кейін де оған сәйкес келмейтінін шамалау қисынды болып тұр.
Сондықтан, бір-екі жылдан кейін, регламенттер бәрібір қабылданған кезде (бұл кез келген жағдайда істелуі тиіс), сол жол полицейлерінің өздері қазіргі дүрлікпеде сатып алынған құрылғылар мен автокреслоларды заңсыз деп танитын және оны жаңаға ауыстыруды талап ететін болады. Ал бұл өзгерістерге кететін шығындар қайтадан мыңдаған қатардағы азаматтардың мойнына ілінеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Сізден, ІІМ мен МТРК-іне балалар автокреслоларына және ұстап қалатын құрылғыларға техникалық регламентті әзірлеуді және бекітуді шұғыл түрде жеделдетуге тапсырма беруіңізді сұрайды.
Сауалды қарау нәтижелерін Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен хабарлауыңызды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары
Мәлімдеген Меруерт Казбекова
22-ДС жауабы