08.07.2015
2015 ж.08.07 жарияланды Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
80-ші жылдардан бері киіктердің жаппай қырылуының биыл қайталану қалың жұртшылықты алаңдатып отыр.
12 маусым күні Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауіпсіздік кеңесінің отырысында да бұл мәселе қозғалды.
Елбасы арнайы тоқталып, Үкімет пен жергілікті атқарушы органдар бірқатар облыстардағы киіктердің жаппай қырылуының басты себептерін анықтауға міндетті екенін айтқан болатын.
«Әрқилы болжамдар мен қарама-қайшы пікірлер айтылуда. Ол дегенің бұл бағытта мүлде жөнсіздік орын алып отырғанын, тиісті мамандардың жоқтығын, осындай жағдайға әкеп соқтырған жайттарды анықтай алмағандықты білдіреді»,- деп Елбасы қатаң сын айтты.
Бұл мәселеге тікелей жауапты мекемелердің бірі Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты. Бұл құрылым киіктердің ауруының алдын алу, оларға мониторинг жүргізумен айналысады. Сол үшін мемлекеттен қомақты қаржы бөлініп келеді. Айталық, ҚР Білім және ғылым министрлігі «Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктер таралымында жұқпалы аурулардың таралуының эпизоотиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу» деген атаумен 2012-2014 жылдарға арналған бағдарлама бойынша жалпы сомасы 332 млн. теңге қарастырылған. Бұл бағдарламаның орындаушы – аталған министрліктің Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты.
Зерттеулер шеңберінде киіктер таралымындағы жұқпалы аурулардың эпизоотиялық мониторингін жүргізу, сондай-ақ киіктер ауруларының диагностикасы мен профилактикасының заманауи экспресс-әдістерін әзірлеу көзделген болатын. Десек те, ісі аталған мәселе бағытталған институт жұмысың нәтижесі көрінбеуде.
Құрметпен,
«Ақ жол» фракциясының депутаттары