23
Маусым

23.06.2016

Ақ жол' еліміздегі жалғыз отандық тамақ ашытқысын өндірушілерге араша түсті

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
К.Қ.Мәсімовке
 
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Қажымқанұлы!
 
Қазақстанда жүргізіп жатқан индустрияландыру саясатына қарамастан, отандық өндірушілер санаулы болып есептелетін өнеркәсіптің кіші салалары секторларымен сақталып келеді.
Мұндай секторларға жалғыз қазақстандық өндіруші болып табылатын 'Алматы ашытқы зауыты' АҚ азықтық ашытқылар өндірісі де жатады.
Қызмет сипаты бойынша, бұл компания ауылшаруашылықты қайта өңдеуші болып табылады, өйткені оның өндіруі үшін пайдаланылатын жалғыз шикізат өнімі, қант қызылшасының өндіріс қалдықтары - меласса болып табылады; ал өнімнің өзі нан-тоқаш өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ, ауыл шаруашылығы үшін де арналған.
Дегенмен, түсініксіз себептермен ҚР  Салық кодексінің  267 - бабының 2 тармағында белгіленген, ҚҚС төлеу бойынша 70% азайтуға  арнайы салық режимі берілген, бұл қызмет түрі ауылшаруашылық қайта өңдеу түрлерінің  тізіміне кіргізілмеген.
Сондықтан, қазақстандық ашытқы өндіруші ҚҚС толық көлемде төлеп (12%), ал РФ және Белоруссияның ұқсас өнімді өндірушілері жеңілдік мөлшерлемесін қолдана отырып, 18% базалық ставкасы кезінде олардың салық салу ҚҚС 10% - ға дейін төмендетіледі.
Әрине, бұл шамадан тыс салық салу өнімнің өзіндік құны әсер етеді, осының нәтижесінде Қазақстанның ішкі нарығында сыртқы бәсекелестермен отандық ашытқы сығыстырылатын болады. Мәселен, 2014 жылы кәсіпорындардың сату көлемі 2013 жылмен салыстырғанда 20 пайызға, ал 2015 жылы 2014 жылмен салыстырғанда - 50%-ға төмендеп отыр.
Бұл жоғалтылған нарық үлесі ресей және беларусь өнімдерінің өнім берушілеріне көшкені анық.
Ағымдағы жағдай және ЕАЭО аясындағы бәсекелестіктің шиеленісуі осы жалғыз қазақстандық ашытқы өндірушінің тірі қалуы туралы мәселені қояды.
'Ақ жол' депутаттық фракциясы, әрбір отандық тіпті бүкіл өндіріс секторын қамтитын өндіруші үшін күресуді түбегейлі маңызды деп санайды.
Осыған орай, ҚР Салық кодексінің 267 - бабының 2 - тармағындағы жеңілдік бағытының тізіміне «тамақ ашытқы өндірісі» қызмет түрі ретінде енгізу туралы мәселені көтеруді қажет деп ойлаймыз, оның үстіне  ЕАЭО басқа қатысушылары ҚҚС бойынша жеңілдіктерді  өзінің ұқсас өнімдер өндірушілеріне таратып отыр.
Бұл көрсетілген жеңілдіктерді беру ҚҚС бойынша жылына бюджеттің кіріс сомасының 80 млн. теңгеге қысқарылуын білдіретіндігін ескере отырып, 'Ақ жол' депутаттық фракциясы Сізді, құрметті Кәрім Қажымқанұлы, уәкілетті органдарға аталған мәселені қарастырып, ағымдағы жылдың күзіне қарай салық заңнамасына түзетулерді дайындау шеңберінде және жалғыз отандық азықтық ашытқы өндірушіні қорғауды қамтамасыз етуді сұрайды.
 
 
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракция депутаттары