07
Желтоқсан

07.12.2016

«Ақ жол» партиясы Қазақстан аумағы арқылы Қытайдан Қырғызстанға радиоактивті жүкті тасымалдау фактісі бойынша тергеу жүргізуді талап етеді

2016 жылдың 7 желтоқсанында жарияланған

 

Қазақстан Республикасының

Қаржы министрі

Б. Т.Сұлтановқа

 

Депутаттық сауал

 

Құрметті Бақыт Тұрлыханұлы!

 

 

Бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша кеше, ағымдағы жылдың 6 желтоқсан күні «Қайыңды» қазақ - қырғыз шекарасының бақылау-өткізу пунктінде, қырғыз шекарашылары Қытай Халық Республикасынан келе жатқан транзиттік жүк вагондарын ұстады.

Қырғыз шекарашылары бұл жүктің жоғары радиация деңгейін анықтады.

Демек, бұл жүк кеден және шекара қызметкерлерімен ешқандай радиоактивтілік бақылаусыз  біздің аумағымызға өткізіліп, азаматтардың денсаулығы мен экологияға қаупін тудыра отырып,  Қазақстан аумағында бірнеше мың километр жүріп өткен.

«Ак жол» депутаттық фракциясы  осы факті бойынша тексеру жүргізуді және біздің елдің аумағына радиоактивті жүкті жіберген кінәлі адамдарды анықтауды сұрайды.

 

Құрметпен,

«Ақ жол» фракцияcының  депутаттары

              
Жауап  20.12.2016,11-2-38011