11.06.2014
2014 жылы 11 маусымда жарияланған
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі
К.К. Мәсімовке
Депутаттық сауал
Құрметті Кәрім Кәкімжанұлы!
Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өзінің хаттамалық тапсырмаларында мемлекеттік органдардың басшыларына бюджетті үнемдеу мақсатында, бізде көптен бері премиум сыныпты өзіміздің машиналардың шығарылатынын ескере отырып, шетелдік қымбат көліктерді сатып алуға тыйым салуға бірнеше мәрте тапсырма берген. «Аллюр Авто» және «Азия Авто» өнімдері ең беделді шетелдік автомобиль жасау өнеркәсібі қауымдастықтарымен танылған.
Шетелде жасалған және отандық өндірушілерді емес, іс жүзінде шетелдік автоөндірісті қолдайтын, беделді автомашинада жүргілері келетін шенеуніктерге оларды өз қаражаттарына сатып алуға кеңес берген болатын.
Соңғы екі жылда жүргізілген мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бүгінгі таңда отандық автомобиль өндірушілердің қызметімен Парламенттің депутаттық корпусы, Төтенше жағдайлар министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті және өзге құқық қорғау құрылымдарының қолданатынын растайды.
Сонымен бірге, журналистердің деректері бойынша Қазақстанның мемлекеттік сатып алу сайтында бүгінгі таңда қымбат көлік алуға 8 тендер жарияланған.
Мәселен, Қазақстанның Қорғаныс министрлігі әрқайсысының құны 11,6 млн. теңге болатын екі қымбат көлік алуды жоспарлауда.
Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының аппаратында 12,8 млн. теңгеге өкiлдiк сыныбындағы автомашина алуды қажет деп есептейді. Сонымен қатар, тапсырыс беруші сыртының түсі - қара металлик, двигателі 3 778 куб.см, қуаты 290 а.к. болуын талап етеді. Машина 7,3 секундта «сағатына қарқыны 100 км-ға дейін» және жоғары жылдамдығы сағатына 240 километр болуы тиіс. Сонда, ОҚО мәслихат аппаратының жетекшісіне осындай айқын спорттық техникалық сипаттағы қызметтік автокөлік не үшін керектігі мүлдем түсініксіз және олар Қазақстанның қайсы жолына сағатына 240 км. жылдамдықпен жүруді жорамалдайды.
Олардың ОҚО және Алматы облысы әкімдігі аппаратындағы әріптестерінің сұранысы қарапайымдау. ОҚО-да 2014 жылы 30 мамырда жарияланған тендерге сәйкес, өкiлдiк сыныбындағы бір машинаның құны 8,7 млн. теңгеден аспауы тиіс, жалпы сомасы 43,5 млн. теңге. Алматы облысының әкімдігі әрқайсысы 8 млн. теңгеден, тек жолсызбен жүретін екі машинаға үміттенеді.
Целиноград ауданы әкімінің аппараты 11,1 млн. теңгеге, қорабы Т-Тronic бес сатылы берілісімен, кем дегенде алты қауіпсіздік жастығымен, ABS, SRS, ГУР, ПЭП, шұғыл тоқтату күшейткішімен, ішкі көрінісі сәндік «ағаш түстес» қондырмамен әрленген, ішкі ауаны-бақылаушысымен, еңістің бұрышы бойынша реттейтін тұтқамен және кішіатқарымды тұтқасымен өкiлдiк сыныбындағы автомашина сатып алуды жоспарлайды.
Алматы Шаруашылық басқармасы 160 млн.теңге сомасындағы ең ірі лотты енгізді. Алынатын машиналардың құны 7 ден 15 млн. теңгеге дейін тұрады. Қымбат машиналарды Атырау облысы 150 млн. теңгеге сатып алады.
Жарияланған құндық және техникалық сипаттарына қарағанда, бізбен аталған тендерлердің барлығы, мысалы, Мерседес және т.б. сол сияқты шетелдік автокөліктерді сатып алуға бағдарланған. Яғни, қазақстандық өндірушілер алдын ала тендерден алынып тасталады.
Соншама бейберекет сатып алулардың негізділігі ретінде шетелдік қонақтарға, форум делегаттарына қызмет көрсетуді және тағы басқаларды келтіреді. Шетелдік делегациялардың осындай қонақжайлылыққа түсінбеушілікпен қарайтынын, біздің шенеуніктердің есіне салғымыз келеді. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев дамыған шет елдерде көптен бері адамдар шағын литражды автомашиналарды алады деп атап көрсеткен. Салық төлеушілердің есебінен қымбат машина сатып алу - бұл жол бергісіз шашып-төгудің белгісі.
Ағымдағы жылы «Азия авто» зауыты мемлекеттік тапсырыстардың көлемінің қысқаруына байланысты жоспарлы өндіріс көрсеткіштерінің жылына 60 мың шығару мүмкіндігін 28 мыңға дейін қысқартуға мәжбүр болды, бұл да – жергілікті мемлекеттік органдармен Мемлекет басшысының талаптарын елемеудің нәтижесі.
Құрметті Кәрім Кәкімжанұлы, «Ақ жол» ҚДП депутаттық фракциясы Сізден өңірлік деңгейде қызметтік автомашина сатып алу бойынша өткізілетін мемлекеттік сатып алулардың негізділігі мәселесін тексеруді тапсыруды сұрайды.
Құрметпен,
«Ақ жол» ҚДП фракциясының
депутаттары
Е.Никитинская
А.Перуашев
А.Әбілдаев
Т.Ерғалиев
Н.Жазылбеков
С.Қадралиева
М.Қазбекова
А.Тұртаев