04
Қазан

04.10.2023

Энергетикалық машина жасаудың қажеттілігі туралы

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Ә.Смайыловқа

Елімізде жылыту маусымы басталып, бұл өз кезегінде үлкен алаңдаушылық тудыруда.

Естеріңізге сала кетейік, «Ақ жол» демпартиясы биылғы жылдың 14 маусымында түрлі өңірлердегі ірі коммуналдық апаттар аясында отандық энергетика саласын ұйымдастыру қажеттігі туралы депутаттық сауал жолдаған болатын.

Біз Украина мен Ресейдің дәстүрлі өндірушілері жалғасып жатқан соғыс жағдайында жабдықтарды уақтылы жеткізуге кепілдік бере алмайтынын, ал өзге нұсқалар қымбат әрі әрдайым біздің қондырғылармен технологиялық тұрғыдан үйлесімді болып шықпайтынын атап өткен едік.

Сонымен қатар, мемлекет тарапынан бөлінген және «Инвестициялар орнына тариф» бағдарламасы бойынша монополистермен тұтынушылардан тартылған жарты триллион теңгеден астам қаражат жаңа машина жасау саласын құруға тұрақты төлем қабілеті бар сұранысты қалыптастырады.

Мұндай серпін алған сала болашақта да энергетика жүйесін үздіксіз жаңғыртуды қамтамасыз етіп, орта азиялық өңірлердің нарықтарын игере алар еді.

Биылғы жылдың 14 маусымында Үкіметтің ешбір сын көтермейтін жауабы келді.

Мәселен, бізге машина жасау нарығының көлемі 10 триллион теңгені құраса, оның 1,5 триллионын отандық өнім алып жатқанын хабарлады.

Бірақ машина жасау әртүрлі салаларды қамтиды - мұнай-газ, тау-кен, металлургиялық құрал-жабдықтар, локомотивтер, вагондар, автомобиль мен комбайндар өндірісі.

Ал, жеке энергетикалық жабдық туралы Үкімет жауабында бірде-бір дерек жоқ.

Ары қарай. Үкімет «Бүгінде энергетикалық машинажасау елімізде негізінен қозғалтқыштар мен турбиналар өндірісімен қамтылғанын» атап өтті.

Алайда, отандық машинажасаушылардың өздері мұндай өндірістер туралы ештеңе білмейді. Қателесіп тұрсақ - бұл қаһармандардың кім екендерін біліп, алғыс айтайық.

Президент Қ. Тоқаев өзінің жуырдағы Жолдауында энергетикалық машинажасауды дамытуды тікелей тапсырған болатын: «Генерация нысардарын кеңейту - энергетикалық машинажасаудағы технологиялар трансферті мен өндірісті оқшаулаудың негізі болып табылады...».

Қазақстанда не өндірістік қозғалтқыш, не турбиналардың сериялық өндірісі ретіндегі энергетикалық машинажасау жоқтың қасы, оларды жөндеу қуаттылықтары ғана бар.

Премьерге жаңсақ ақпаратты кім бергенін білмейміз (салалық министрлік болса керек), алайда мұндай нөмір Президент Әкімшілігінен өтпей қалды.

Өндірісті толыққанды іске қосу үшін бірқатар нақты шаралар қажет, соның ішінде, әрбір ірі энергетикалық субъектінің қажеттіліктері туралы ашық ақпарат, сатып алу жоспарлары, ұзақ мерзімді офтейк-келісімдерді енгізу және де энергетикалық машинажасауды электротехникалықтан негізді түрде бөліп қараған мемлекет басшысы атап өткен технологиялар трансферті мен өндірісті оқшаулау керек.

Біздің сауалымыздан кейін «Ақ жол» демпартиясына мемлекеттік органдардың дұрыс ұстанымы болған жағдайда осындай өндірісті құруға дайын кәсіпкерлер жүгінді.

Алайда, Үкіметтің жауабы мәселені түсінгендіктері мен жауапты дайындағандардың кәсіби құзыреттілігіне күмән келтіреді.

Осы орайда, «Ақ жол» фракциясы үкіметке бизнестің ұсыныстарын ескере отырып, энергетикалық машинажасауды ұйымдастыруды қайта ұсынады, атап айтқанда, энергетикалық жабдықтар үшін өндірістік жинақтаудың типтік келісімін әзірлеу, сондай-ақ, Өнідірсті дамыту қоры арқылы қолдау шаралары мен монополистер тарапынан офтейк-келісімдерді қамту. 

Сонымен қатар, алдыңғы сауалға берілген жауапта көрсетілген энергетикалық машинажасау жобаларының қайсысы қазіргі уақытта нақты іске қосылғанын хабарлауыңызды сұраймыз.

Ал, оған дейін БАҚ мәліметінше, жабдықтардың болмауы салдарынан ЖЭО жылыту маусымына дайындықтары кешуілдеуде, нақтылап айтқанда, бұл туралы дүйсенбі күні Кентаудан хабарлаған.

Құрметпен,

«Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары