ҚР Қаржы министрі
М.Тәкиевке
Былтыр «Ақ жол»
фракциясы салық органдарына кәсіпкерлердің мәмілелерін жарамсыз деп тануға
талап-арыз жасауына тыйым салуды талап етіп, бірқатар депутаттық сауал жолдаған
болатын.
Биыл қаңтар
айында Мемлекеттік кірістер комитеті өңірлік департаменттерге салық
органдарының мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы мұндай талап-арыз беруін
тоқтатып, мәселені «азаматтық сот ісін жүргізуден салықтық тексерулер» түріне
аудару туралы нұсқау жіберді.
Формалды түрде «Ақ жол» демпартиясының сауалдарында көрсетілген талаптар қанағаттандырылды, ол үшін аталған Комитетке алғысымызды білдіреміз.
Сонымен бірге, қабылданған шешімнің «жартылай сипатта» екенін және салық органдарының бизнеске қатысты репрессиялық тәжірибесіне қайта оралу қаупін жоймайтынын атап өтуге мәжбүрміз, себебі, қолданыстағы Салық кодексінде біз өз сауалдарымызда алып тастауды ұсынған тиісті нормалар сақталған.
Еске сала
кетейік, салық органдарының азаматтық сот ісін жүргізу тәртібінде мәмілелерді
жарамсыз деп тану туралы талап қою құқығын алып тастау азаматтық және салық
заңнамасы арасындағы қайшылықты жою үшін қажет, себебі, салық қызметі салық
төлеушіден үстем тұрған әкімшілік орган. Ал, азаматтық соттың негізгі қағидаты
тараптардың теңдігі. Мұндай қатынастар үшін әкімшілік құқық пен әкімшілік сот
бар.
Сонымен қатар,
бірқатар жағдайда мәмілелердің жарамсыздығы туралы азаматтық құқық нормалар
салық органдарының талабы бойынша қолданыла алмайды, өйткені салық органы
мәміленің бір тарабы емес.
КТС шегерімдерін және ҚҚС есепке алудан шығарудың заңдылығы туралы дауларға «жарамсыз мәмілелер» түсінігін қолдануды жалпы қате деп санаймыз, мұнда даудың тақырыбы мәміленің өзі емес, шот-фактураның жалғандығы болуы керек.
Шот-фактураның
жалғандығы туралы даудың мәнінен мәмілелерді жарамсыз деп тану туралы дауға қате
ауысуы осы шот-фактураларды жазып беретіндердің жауапкершіліктен негізсіз
жалтарып кетуіне және барлық санкцияларды адал контрагенттерге артып қоюға әкеп
соқты.
Себебі, салық
органдары контрагенттерге ғана талап қояды, ал олардың қызмет көрсетушілері ешқандай
жауапкершілік арқаламайды, көп жағдайда процеске де қатыспайды.
Тиісінше, шын мәнінде ешкім іздеп те жатпаған заңсыз жасырылған сомаларды бюджетке нақты қайтару жұмысы көлеңкеде қалып жатыр. Миллиардтаған алымдар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлердің мойнына артылып, оларды банкроттыққа жеткізеді, оны толық өтеу мүмкіндігі де жоқ.
Қаржы
министрлігінің барлығын «салық тексеруі түріне» ауыстыру туралы шешімі одан
бетер алаңдаушылық туғызады.
Қолданыстағы
нормалар салықтық тексерудің 2 түрін қарастырады: қауіп-тәуекелді бағалау
негізінде және жоспардан тыс.
Әрине, жалған шот-фактураны анықтау үшін жоспарлы тексерістің тағайындалуы мүмкін емес екені анық. Алайда, бұл жағдайда жоспардан тыс салық тексеруін жүргізуге де негіз жоқ. ҚР Салық кодексінің 145-бабына сәйкес шот-фактураның жалғандығы сотпен танылған жағдайда ғана жоспардан тыс тексеру көзделген.
Осыған байланысты «Ақ жол» демпартиясы Мемлекеттік кірістер комитетінің талаптарды тоқтата тұру туралы тапсырмасын жеткіліксіз деп санайды және Салық кодексіне адал кәсіпкерлікті қорғауға және ақшаны шығару тетіктерін ұйымдастырушылар мен түпкі иелерін анықтауға мүмкіндік беретін түзетулер енгізу туралы бұрын жолдаған ұсыныстардың орындалуын талап етуді жалғастырады:
1. ҚР Салық
кодексінің 19-бабының 1-бөлігінің 10) тармағы, 403-бабының 1-бөлігінің 1)
тармағы және 264-бабының 1-бөлігінің 4) тармағы алынып тасталсын, сондай-ақ,
салық органының талабы бойынша мәмілелерді жарамсыз деп тануды көздейтін салық
заңнамасының өзге де нормалары осыған сәйкес келтірілсін.
2. Күмәнді
шот-фактураларды анықтау алгоритмін әзірлеу, бұл үшін цифрландыру құралдарын
пайдалану және қолма-қол ақша операцияларын ерте анықтау үшін ЭШФ АЖ толықтыру.
3.
Шот-фактураның жалғандық критерийлерін анықтап, оны кодекске нақтылап жазу
4. Негіздеме
болған жағдайда ақшаны шығарып беретіндерді қылмыстық және әкімшілік
жауапкершілікке тартудың нақты механизмін қамтамасыз ету. Бұл ретте
контрагенттердің тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді өткізу кезіндегі нақты
айналымды дәлелдеу құқықтарын нормативті түрде қамтамасыз ету. Адал
кәсіпкерлермен емес, ақшаны заңсыз шығарып беретіндермен күресу керек.
5. Басқа
жағдайда салық органы критерийлерде көрсетілген құжаттардың тізбесін сұратуға
құқығы бар камералды бақылауды қолдану.
6. Салық органының даулы шот-фактура бойынша КТС шегерімінен және ҚҚС есепке алудан алып тастау туралы ескертуімен келіспеген жағдайда, салық төлеуші ҚР ӘҚПК нормаларына сәйкес Әкімшілік сотқа шағымдануға құқылы, оның шешімі салықтық түзетулер үшін негіз болады.
Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, депутаттардың бюджеттің кіріс бөлігіне қатысты бастамалары үкіметтің келісімімен ғана қаралуы мүмкін. Сондықтан аталған ұсыныстарды қолдауды сұраймыз.
Құрметпен,
«Ақ жол»
фракциясының депутаттары
А.Перуашев
Д.Еспаева
Қ.Иса
Е.Барлыбаев
А.Садықов
Е.Бейсенбаев