23
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы Атырау облысында сайлауалды үгіт-насихат науқанын бастады

Бүгін «Ақ жол» партиясының Атырау облыстық филиалында маңызды басқосу өтіп, сайлауалды үгіт-насихат науқаны ресми түрде старт алды. Облыстық штаб отырысына партия белсенділерімен бірге еріктілер мен жастар өкілдері де арнайы қатысты.

Жиын барысында қатысушылар алдағы атқарылатын жұмыстардың басты бағыттарын айқындап, нақты іс-қимыл жоспарын бекітіп алды.

Үгіт жұмыстары басталысымен-ақ штаб өкілдері сайлау заңнамасына сай арнайы белгіленген орындарға үгіт материалдарын орналастыруға кірісті.

Өңір тұрғындары мен еңбек ұжымдарымен еркін форматындағы жүзбе-жүз кездесулер бекітілген кестеге сай жүйелі түрде өтеді.

Кездесулердің түпкі мақсаты — «Ақ жол» партиясының сайлауалды бағдарламасын халыққа кеңінен түсіндіріп, тұрғындарды толғандырған түйткілді мәселелерді бірге талқылау.

Атырау облыстық үгіт-насихат штабы бекітілген жоспар бойынша өз жұмысын белсенді түрде жалғастыра береді.

Өзгерістер қажет!