24
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы «Eurasian Foods» АҚ еңбек ұжымымен жүздесті

«Ақ жол» демпартиясы сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Eurasian Foods» АҚ еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді. Жиынға Қазақстан Республикасы Құрылтайы депутаттығына кандидат Артур Кинсфатер қатысты.

Кездесу барысында кәсіпкерлікті дамыту, отандық өндірісті қолдау, жаңа жұмыс орындарын ашу, сондай-ақ мемлекет, бизнес және қоғам арасындағы диалогты нығайтуға бағытталған бастамалар кеңінен талқыланды. Артур Сергеевич елдің әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша өз пайымын білдіріп, азаматтармен ашық кері байланыс орнатудың және еңбек ұжымдарының пікірін ескерудің маңыздылығын атап өтті.

Жиынға қатысқан кәсіпорын қызметкерлері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, өңірді одан әрі дамыту жөніндегі ұсыныстарымен бөлісті.

«Eurasian Foods» АҚ ұжымына ыстық ықыласы, сындарлы сұхбаты мен белсенді азаматтық позициясы үшін алғыс білдіреміз! Біз бірге — еңбек, жауапкершілік және жасампаздыққа негізделген қуатты Қазақстан үшін әрекет етеміз!

Өзгерістер қажет!