«Ақ жол»
демпартиясынан ҚР Құрылтайы депутаттығына кандидаттар Олжас
Нұралдинов, Константин Логутов және партияның Алматы қалалық филиалының
төрағасы Асқар Бискультанов «Магнум» ЖШС-нің бас офисінде болып, кәсіпорынның
еңбек ұжымымен мазмұнды кездесу өткізді.
Ел
болашағы сарапқа түсер саяси науқанда кандидат Олжас Нұралдинов сайлау
процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз ету — партияның басты
ұстанымдарының бірі екенін атап өтті. Сонымен бірге ол «Ақ жолдың» кәсіпкерлік
саласын қолдаудағы нақты істеріне тоқталып, бөлшек салық ставкасын 50 пайызға
дейін төмендету бойынша партия депутаттарының арнайы сауалдар жолдап, табанды
күрес жүргізіп келе жатқанын тілге тиек етті.
Кездесуді
ары қарай жалғастырған кандидат Константин Логутов бизнеске түсетін салықтық
ауыртпалықты азайту мәселесін көтерді. Ол шағын және орта бизнеске фискалдық
қысым жасауға жол бермеу, салық мөлшерлемелерін оңтайландыру және әкімшілік
бұралаңдарды азайту бойынша партияның айқын ұстанымын жеткізді.
Партия
өкілдері баяндама жасап болған соң, Алматы қалалық филиалының төрағасы Асқар
Бискультанов сөз кезегін «Магнум» ұжымына ұсынды. Қызметкерлер тарапынан
қойылған «Ақ жол» партиясы бастамашы болған заң жобалары туралы сауалға Олжас
Нұралдинов жан-жақты жауап берді. Ол Кәсіпкерлік және Салық кодекстеріне
енгізілген оң түзетулер мен парламенттік оппозиция институтын нығайту
бағытындағы бастамаларға кеңінен тоқталды.
Еске сала
кетейік, Қазақстан Республикасы Құрылтайына сайлау 2026 жылғы 23 тамызда өтеді.
«Ақ жол» демпартиясы сайлау бюллетенінде №6 нөмірімен белгіленген.
Өзгерістер үшін дауыс берейік! Өзгерістер қажет!

