26
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы Оралдағы ірі сауда орталығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

«Ақ жол» демпартиясы Батыс Қазақстан облыстық штабының өкілдері мен партия жастары Орал қаласындағы ірі сауда және ойын-сауық орталығында үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастырды.

Ақпараттық-түсіндіру шарасы барысында штаб мүшелері сауда орталығындағы кәсіпкерлерге, сатушыларға және қала тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Партия өкілдері шағын және орта бизнесті қолдау, әділетті қоғам қалыптастыру, халықтың әл-ауқатын арттыру және өңірлерді тұрақты дамытуға бағытталған бастамаларға кеңінен тоқталды.

Үгіт-насихат науқаны аясында қала тұрғындары мен кәсіпкерлерге арнайы баспа материалдары таратылып, азаматтардың ұсыныс-пікірлері тыңдалды.

Ақжолдықтар оралдықтарды елдегі оң өзгерістерге қолдау білдіріп, алдағы сайлауда «Ақ жол» демпартиясына дауыс беруге шақырды.

Өзгерістер қажет!