26
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы Шымкенттің «Көмешбұлақ» базарында тұрғындармен және кәсіпкерлермен кездесті

«Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының үгіт-насихат тобы «Көмешбұлақ» базарында сатушылармен, кәсіпкерлермен және базарға келуші тұрғындармен жүздесті.

Ақпараттық-түсіндіру жиынына «Ақ жол» ҚДП Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қалалық мәслихат депутаты, Құрылтай депутаттығына кандидат Мұхтар Шимиров, Құрылтай депутаттығына кандидаттар Исламбек Тулебаев пен Бақдаулет Мәлімов, мәслихат депутаты Дулат Қуашбаев, сондай-ақ партия Кеңесінің мүшелері Асқар Амалбеков, Мұрат Шапалаев және Жамалбек Жораев қатысты.

Ашық аспан астындағы кездесуде партия өкілдері сайлауалды бағдарламаның негізгі басымдықтарын — отандық өндірушілер мен шағын-орта бизнесті қолдау, салықтық әкімшілендіруді жеңілдету және азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру бастамаларын кеңінен таныстырды.

Партия өкілдері кәсіпкерлер мен тұрғындардың ұсыныс-тілектерін, сауда саласындағы түйткілді мәселелерін тыңдап, қойылған сұрақтарға толыққанды жауап берді.

Өзгерістер қажет!