26
Шілде

«Ақ жол» демпартиясы Талдықорған қаласының тұрғындарымен ашық диалог өткізді

«Ақ жол» демпартиясы Жетісу облысындағы сайлауалды кездесулер топтамасын облыс орталығында белсенді жалғастыруда. Өңірлік филиал өкілдері кезекті ақпараттық-түсіндіру шарасын Талдықорған қаласындағы «Мактуб» сауда орталығында өткізді.

Ел ішіндегі бұл ашық жүздесуге Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидат, демпартияның Жетісу облыстық филиалының төрағасы Ермек Егінбаев пен партия белсенділері қатысты.

Басқосу барысында партия өкілдері тұрғындар мен сауда орталығының келушілеріне ақпараттық материалдар таратып, сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырды. Филиал басшысы Ермек Егінбаев партияның басты мақсаттары мен алдағы саяси науқанның маңыздылығына кеңінен тоқталды.

Кездесу дәстүрлі ресми форматикадан ада, еркін әрі ашық диалог алаңына айналды. Талдықорғандықтар өздерін толғандырған өзекті мәселелер бойынша сауалдарын қойып, ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.

«Ақ жол» демпартиясының басты ұстанымы — халықпен әрдайым ашық әрі шыншыл диалог жүргізу.

Өзгерістер қажет!