Еңбек ұжымымен кездесу барысында Дания Еспаева өзінің
өмір жолы туралы айтып, «Ақ жол» партиясының отандық өндірушілерді қолдау,
жемқорлықпен күрес, заңсыз шығарылған капиталды қайтару, азаматтардың
банктермен және басқа да қаржы ұйымдарымен қарым-қатынасындағы құқықтарын
қорғау, жастарды қолдау мен тұрғын үй мәселесін шешу бағытында парламентте
атқарған жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Ол, сондай-ақ, зауыт қызметкерлерінің денсаулық сақтау жүйесіндегі түйткілдер, балалардың сапалы білімге тең қолжетімділігі, зейнетақы жинақтарын басқару мәселелері жөніндегі көптеген сауалдарына жауап берді.
«Ақ жол» демпартиясынан Құрылтай депутаттығына
кандидаттар – партия Саяси кеңесінің хатшысы Берік Дүйсембинов пен ҚР
құрылысшылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков та көтерілген
мәселелерге қатысты өз ұстанымдарын ортаға салды.
Пікір алмасу өте мазмұнды болып, өндіріс саласындағы өзекті мәселелермен қатар, азық-түлік пен коммуналдық қызмет бағасының қымбаттауы, емханалардағы бюрократия, БЖЗҚ-дағы қаражаттың сақталуына қатысты алаңдаушылық секілді маңызды тақырыптар қамтылды.
«Ақ жол» демпартиясы бұл еңбек ұжымының көп жылдан бергі әріптесі, осы кәсіпорынның өкілі Асқар Смағұлов партияның жергілікті филиалын басқара отырып, Астана қ. мәслихатының тұрақты комиссиясы төрағасы қызметін атқарады.
Сөз сөйлеген зауыт қызметкерлері 23 тамызда өтетін
Құрылтай сайлауында «Ақ жол» демпартиясына қолдау білдіретіндерін жеткізіп,
инфляцияны тежеу, несиелерді арзандату мен халықтың тұрмыс деңгейін арттыру
жөніндегі өз міндеттемелерін атап өтті.







