Қазақстан Республикасы Құрылтайы
депутаттарын сайлаудың сайлауалды үгіт науқаны аясында «Ақ жол» демпартиясының
Жамбыл облыстық филиалында «Өзгерістер кезеңіне бірге» атты ақпараттық акция
өтті.
Шараға филиал активі, Жамбыл аймақтық
штабының мүшелері, кандидаттар мен партия белсенділері қатысты. Акция барысында
аймақтық штабтың жұмыс жоспары бекітіліп, сенімді өкілдер мен аудандық
үйлестірушілерге тиісті үгіт-насихат материалдары тапсырылды.
Жиынға қатысқан Құрылтай депутаттығына
кандидаттар Дәурен Ахметжаев пен Бауыржан Найзақұлов әріптестерін саяси
науқанның басталуымен құттықтап, алдағы ауқымды жұмыстарға сәттілік тіледі.
«Бүгін біз республикалық және өңірлік штабтармен бірге сайлауалды үгіт науқанына ресми түрде қадам бастық. Бұл — ел дамуындағы бетбұрысты кезең. Мемлекеттік басқарудың жаңа үлгісі мен саяси институттарды нығайту жолында біз бірге әрекет етеміз», — деп атап өтті жамбылдық ақжолдықтар.
Өзгерістер қажет!

