«Ақ жол» Қазақстан демократиялық
партиясының Қарағанды қалалық филиалы 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан
Республикасы Құрылтайы депутаттарын сайлау науқаны аясында қалалық сайлауалды
штабының ресми түрде ашылғанын хабарлайды.
Штаб ашылған бойда партия
депутаты, қалалық кеңес мүшелері мен еріктілер белсенді үгіт-насихат шараларына
кірісті. Сайлау заңнамасының талаптарына сәйкес, қала бойынша арнайы
белгіленген ақпараттық тақталар мен тумбаларға үгіт материалдары
орналастырылды.
Сайлауалды штабтың ашылуы
«Ақ жол» ҚДП Қарағанды қалалық филиалының саяси науқандағы белсенді кезеңіне
жол ашты. Алдағы уақытта Қарағанды облысының елді мекендеріне шығу,
сайлаушылармен, еңбек ұжымдарымен, жұртшылық өкілдерімен және кәсіпкерлер
қауымдастығымен жүздесулер сериясы жоспарланған. Іс-шаралар барысында партияның
сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, азаматтармен ашық
диалог жүргізіледі.
Қалалық сайлауалды штабтың
жұмысы Қарағанды облысының тұрғындарын «Ақ жол» демпартиясының сайлауалды
бағдарламасымен, кандидатымен және негізгі бастамаларымен таныстыруға,
сондай-ақ үгіт науқаны кезеңінде сайлаушылармен ашық кері байланысты қамтамасыз
етуге бағытталған.
Өзгерістер қажет!


