24
Шілде

«Ақ жол» ҚДП өкілдері Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейінің ұжымымен кездесті

24 шілдеде Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауына орай сайлауалды үгіт-насихат науқаны аясында «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Астана қалалық филиалының өкілдері «Ә. Бөкейхан атындағы №76 мектеп-лицейі» ШЖҚ МКК ұжымымен жүздесті. Шараға білім беру мекемесінің 100-ге жуық педагогі мен қызметкері қатысты.

Кездесуде «Ақ жол» ҚДП Астана қалалық филиалы қалалық кеңесінің мүшелері Нұржан Есентайұлы Садырбаев, Гүлбарай Дуланқызы Мұртазина және Балауса Самиголлақызы Смағұлова сөз сөйледі. Олар жиынға қатысушыларды «Ақ жол» ҚДП сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, партия қызметінің басты басымдықтары туралы айтты және ұжым сұрақтарына жауап берді.

Жиын ашық диалог форматында өтті. Бұл қатысушыларға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты өзекті мәселелерді талқылауға және партияның сайлауалды бағдарламасы бойынша нақты түсініктемелер алуға мүмкіндік берді.

Кездесу соңында партия өкілдері ұжымға белсенді қатысқаны үшін алғыс білдіріп, азаматтарды 2026 жылғы 23 тамызда өтетін Қазақстан Республикасы Құрылтайының сайлауында дауыс беруге шақырды.

Өзгерістер «Ақ жолдан» басталады!